Бегалиева А.Қ


Геноцид – нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай халықтың жекеле- ген топтарын жою, қуғын-сүргін көрсету. Геосаясат



бет92/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Геноцид – нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай халықтың жекеле- ген топтарын жою, қуғын-сүргін көрсету.
Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына, т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теория- ның негізін қалаушы Ф. Ратцель, Х. Маккиндер, т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.
Геральдика – елтаңба мен рәміз туралы ғылым саласы.
Дағдарыс, кризис (грек. krisis – бетбұрыс кезі) – қоғамдағы өзгерістер ал- дындағы өтпелі кезең; әлеуметтік ахуалдың шиеленісіп, қауіпті, тұрақсыздық сипат иеленуі.
Дәстүр – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып оты- ратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғмдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез- құлық қалыптары және т.б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтар- да ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері.
Дәуір – қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерек- шеліктері бар ұзақ кезеңі.
Декларация (лат. declaratio – мәлімдеу, хабарлау) – мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін сал- танатты түрде жариялайтын құжат.
Делимитация – іргелес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша мемле- кеттік шегараның орналасуы мен бағытын анықтау.
Демаркация – шектеліп жатқан мемлекеттер арасын айыру үшін арнаулы шегаралық белгілермен шегараны енгізу, белгілеу.
Демократия (грек. demos – халық және kratos – билік) – қоғамды, мемле- кеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің бірі, ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим.
Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білді-
реді.
Депозитарий – халықаралық құқықта, халықаралық келісімшарт мәтінін,
оның бекітілгені туралы құжатты сақтауға өзіне міндеттеме алған мемлекет немесе халықаралық ұйым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет