Архив (лат. archivum)–тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет- тік арнаулы мекеме.
Ассимиляция – бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Әдет-ғұрып – адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайтала- нып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары. Оларға көпшілікке ортақ еңбек ету әдістері, тұрмысқа және отбасыға байланысты адамдар арақа- тысының сол қоғамда кең тараған түрлері және діни салттар, тайпа, тап, халық өмірінің ерекшеліктерін бейнелейтін және қайталанып отыратын әрекеттер жа- тады.
410
Қосымшалар ■
Әкімшілік – лат.басқару, 1) басқару функцияларын атқарушы мемлекет- тік органдардың болуы; 2) басқарудағы қызметтік тұлғалар, мекемені басқа- рушы персонал, мекеме.
Әлем – материалды дүние, мтериалды объектілер, сапалық жағынан әр- түрлі болып келетін материя формаларының толық жиынтығы.
Әлеуметтік әрекет– басқа адамдардың әрекеттеріне мағынасы сай келе- тін, не соларға бағытталған әрекет үстіндегі адамдардың іс-әрекеті
Әлеуметтік бақылау – қоғам не әлеуметтік топ өз мүшелерінің талаптар мен үміттерге қатысты конформды тәртібіне кепілдік беретін құралдар жиын- тығы.
Әскери демократия– көне грек қоғамындағы әскери көсемдердің алғаш- қы адамдар қауымындағы ұжымшылдық пендемократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргізген жүйесін атау үшін тұңғыш америкалық тарихшы Л.Г. Морган (1818-1881) қолданған ғылыми термин. Әскери демократияны гректер сияқты кельттер мен германдар, нормандар, сақтар, сақтар, т.б. басынан өткізген.
Әлеуметтік қатынастар– мәні жағынан бір-біріне сай келіп, әрекеттері соған сай сипатталатын қайталанбалы өзара әрекеттің саналы түрде сезіммен қабылданатын жиынтығы.
Әлеуметтік құрылым – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдар- дың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары.