Депортация– жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару.
Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтар- дың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі.
412
Қосымшалар ■
Децентрализация – орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билі- гінің бөлігін беруі.
Диктатор – заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз би- леп төстеуші.
Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу.
Доктрина – саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория, ілім.
Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа қоршаған дүниеге, таби- ғатқа, өзі өмір сүретін ортаға, өзінің ақыл-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сана-сезімі мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Дін – әлемді байланысты- ратын күллі Алланың бар екеніне сену.
Егемендік, суверинитет(нем. souveranitat, франц. souverainete – жоғарғы билік) – мемлекеттің сыртқы саясатта толық Тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы.
Ел – көне түркі тіліндегі «халық» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым-қатынасының дамыған кезең- деріндегі халық атауы қуымдастық деңгейден бастап ел деген жалпы атауға ие болды.
Ереже – 1) жеке меншік және мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қызметін, таптардың құқықтық жағдайын, кейбір аймақтарды басқару тәртібін айқындайтын заң шығару актісінің түрі; 2) қазақ халқының дәстүрлі құқығының қайнар көзі. Нормативті құқықтың қағидалары.
Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Негі- зінен, археологиялық, тарихи, сәулет өнері мен мәдениеттік өнері болып бөлі- неді.