Еуроцентризм– ғылым,білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз же- тістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұ- жырым.
Жаңаша саяси ойлау – КСРО мен КОКП басшыларының жалпы адам- заттық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы.
Жариялылық– жағымсыз құбылыстар мен кемшіліктерді ашып көрсету- дің, қоғамды сауықтыру мен демократияландырудың негізгі құралы.
Жаһандану – ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш.global
әлемдік, дүниежүзілік) – жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұстастық құрылуының үрдісі.
Жеке адамға табыну– белгілі бір қайраткердің беделіне көзсіз бас ию, оның сіңірген еңбегін әсірелеп көрсету, тарихи тұлғаны әулиеге теңеу.
Зайырлымемлекет – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда бол- ған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде рет- телетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты.
413
■ Қазақстан тарихы
Заң – құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы.
Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылыми әдебиетке З. Фрейд енгізді.
Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қаты- настарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымда- малардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Империя– лат. imperium – билік, мемлекет. Монарх, император басқара- тын мемлекет. Бағынышты елдерде отарлық саясатты жүргізуші ірі держава.
Инаугурация – мемлекеттің жоғарғы басшыларының қызметке кірудегі салтанатты жиналысы.