Өлшеуіш құрылғысы конструктивті аяқталған бұйым ретінде жасалған. Онда зерттеу объектісінен түскен импульстер санын және өлшеу уақыттарын есептеуге, сондай-ақ қондырғымен басқару функцияларын (өлшеу уақытын алдын ала орнату, өлшеудің басталуы мен аяқталуы, өлшеу процесін тоқтату, нәтижелерді нөлге түсіру, есептеуіштер толған кезде автоматты тоқтау) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қосалқы құрылғылары бар бір кристалды микро-ЭЕМ қолданылған. Өлшеуіш құрылғының құрамына сондай-ақ құрылғының өзін және зерттеу объектісін қоректендіруге арналған қоректендіру көзі де кіреді.
Өлшеуіш құрылғының алдыңғы панелінде басқару мен индикацияның мына органдары орналастырылған:
СБРОС кнопкасы – өлшеу алдындағы бастапқы жағдайға немесе құрылғымен өлшеуді үзіп бастапқы жағдайға орнатуға арналған.
ПУСК/СТОП кнопкасы – бастапқы жағдайға келтірмей-ақ үзуге немесе өлшеу режимін өлшеу басында немесе өлшеуді тоқтатқаннан кейін қосуға арналған.
УСТАНОВКА кнопкасы – өлшеу уақытын орнату режимін (қайталап басу арқылы) қосуға және өшіруге арналған.
« + » және « - » кнопкалары өлшеу уақытын орнатуға арналған (қысқа уақыт басқанда секунд бірліктері орнатылады, ал ұзақ басқан кезде - ондаған секунд, 99,9 және 999 диапазондарына ауыстырып қосу автоматты түрде жүзеге асады).
Сұйық кристалды индикатор – өлшеуді жүргізу барысында бөлшектер санын, өлшеу уақытын, жұмыс режимін индикациялауға арналған.
Өлшеуіш құрылғының артқы панелінде ажырытқыш ЖЕЛІ, жерге қосу клеммасы, сақтандырғышты ұстағыштар (сақтандырғыш тұтқамен жабылған), ашалы желілік шнур, зерттеу объектісін қосуға арналған разъем бар. Өлшеуіш құрылғы желілік шнур көмегімен 220 В, 50 Гц желіге қосылады.
Құрылғының жұмыс жасау принципі иондаушы сәуленің бөлшектер санын санағыш көмегімен тіркеуге және есептеуге негізделген. Санағышқа толтырылған газды альфа-бөлшектер иондайды және кернеу импульсіне түрлендірілген қысқа мерзімді разряд тудырады, оны қондырғы есептеп, тіркеп отырады. Зертханалық жұмысты жасау барысында тағайындалған өлшеу уақытында тіркелген альфа-бөлшектер саны өзгерісінің сәуле көзі мен санағыш арасындағы арақашықтыққа тәуелділігі алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |