«бекітемін» «келісілді»


Ауысым графигін ауысымның кезеңдігімен, ауысымнан ауысымға ауысу тәртібі мен жиілігімен анықталады



бет43/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

Ауысым графигін ауысымның кезеңдігімен, ауысымнан ауысымға ауысу тәртібі мен жиілігімен анықталады. Еңбек пен демалыс режиміне жұмыс ерекшелігі мен оның ауа-райы немесе климаттық жағдайларды жүзегеасырылуы әсер етуі мүмкін. Демалыс тиімділігі оны өткізуді ұйымдастыруға байланысты. Белсенді және пассивті демалыс бар. Белсенді — туризм, спортпен шұғылдану және т.б.

физикалық жүктемеге демалыс, іс-әрекет ауысымын ұсынады. Белсенді демалысқа өндірістік гимнастика жатады. Пассивті демалыс ауыр физикалық жұмыстарға арналған организмнің байсалды жағдайында жұмыс қабілетін қалпына келтіруді ұсынады.


3 дәріс. Еңбек қорғауды басқару жүйесі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСЖ).

2. Басқару органдарының негізгі қызметтері мен міндеттері.

3. Кәсіпорында еңбек қорғау жағдайын бақылау және қадағалау қызметін ұйымдастыру.

1. Еңбек қауіпсіздігі стандаттарының жүйесі (ЕҚСЖ) Стандарттау – өнімнің және өндірістік процестердің типтеріне, өлшемдеріне, сапасы мен басқа да негізгі ерекшеліктеріне қойылатын міндетті талаптарды қарастыру, белгілеу және қолдану.

Стандарттардың мемлекеттік жүйесі стандарттың үш типінен тұрады:

- мемлекеттік (МЕСТ);

- салалық (ССТ);

- кәсіпорындық (КСТ).

ЕҚСЖ – еңбек процесіндегі адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар мен ережелердің талаптарынан тұратын өзара байланысқан стандарттар кешені.

ЕҚСЖ:


- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды және еңбек қауіпсізідігі саласындағы стандарттаудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздерін;

- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша талаптар мен нормаларды;

- өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын;

- еңбеккерлердің қорғаныс құралдарына қойылатын талаптарды;

- үйлер мен ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

ЕҚСЖ мемлекеттік қадағалау органдары осы органдар туралы ережелерге сәйкес бекіткен нормалар мен қағидалардың қызметін жоққа шығармайды.

Мемлекеттік қадағалау органдары бекіткен нормалар мен қағидалар және ЕҚСЖ стандарттары өзара байланыста болуы тиіс. ЕҚСЖ төменде келтірілген жүйелерден тұрады.

Жүйелік шифры Жүйелік атауы

0 ұйымдастыру-әдістемелік стандарттары

1 қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша талаптар мен нормалардың стандарттары

2 өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарының стандарттары

3 өндірістік процестерге қойылатын қауіпсіздік талаптарының стандарттары

4 еңбеккерлердің қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар стандарттары

5 үйлер мен ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік стандарттары 6-9 резерв “0” жүйелігінің стандарттары:

- еңбек қауіпсіздігі саласындағы стандарттаудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздерін (жүйенің мақсатын, міндеттері мен құрылымын, ЕҚСЖ стандарттарын енгізу мен орындалуын бақылауды, еңбек қауіпсіздігі саласындағы терминологияны, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жіктелуін, т.б.);

- еңбек қауіпсіздігінің (жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігіне оқыту, персоналды аттестациядан өткізу, еңбек қауіпсіздігі жағдайын бағалау әдістерін, т.б.) белгілейді.

“1” жүйелігінің стандарттары:

- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың түрлері бойынша талаптарды, олардың параметрлерінің шекті мүмкін мәндерін, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың сипаттамаларын белгілейді;

“2” жүйелігінің стандарттары:

- өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптарын;

- өндірістік жабдықтың жекелеген тараптарына (түрлеріне) қауіпсіздік талаптарын;

- қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау әдістерін белгілейді;

“3” жүйелігінің стандарттары:

- өндірістік процестерге қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптарын;

- технологиялық процестердің жекелеген топтарына (түрлеріне) қойылатын қауіпсіздік талаптарын;

- қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау әдістерін белгілейді.

“4” жүйелігінің стандарттары:

- қорғаныс құралдарының жекелеген кластарына, түрлеріне және типтеріне қойылатын талаптар;

- қорғаныс құралдарын бақылау мен бағалау әдістерін;

- қорғаныс құралдарының жіктелуін белгілейді.

“5” жүйелігінің стандарттары:

- үйлер мен ғимараттарға оларда жұмыс істеп жатқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қатысты қойылатын жалпы талаптарды;

- үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, пайдалану, жөндеу және қалпына келтіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты оларға қойылатын жалпы талаптарды;

- үйлер мен ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бақылаудың әдістерін белгілейді.

“0”, “2”, “3”, “4” және “5” жүйеліктерінің ЕҚСЖ стандарттары мемлекеттік және салалық, ал “0” жүйелігінің стандарттары, сондай-ақ кәсіпорындық та бола алады.

Салалық стандарттар талаптарды нормалар мен қағидаларды, саладағы еңбек қауіпсіздігі ережелерін ескере отырып, мемлекеттік стандарттарға сәйкес белгілеуі тиіс.

“1” жүйелік стандарттары мемлекеттік болуы тиіс. ЕҚСЖ “1” жүйелігіндегі салалық стандарттарды жасауға осы сала үшін бақылау әдістерінің спецификасы болған кезде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нормаланатын параметрлерін бақылау әдістеріне ғана рұқсат етіледі. Жобалық құжаттамалардағы үйлер мен ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын құрылыстық нормалар мен ережелерде ЕҚСЖ “5” жүйелігіне сәйкес белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет