Белоктардың басқа полимерлерден өзгешелігі – олар құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мүлдем басқа мономерлерден құралған.
Белоктардың басқа полимерлерден өзгешелігі – олар құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мүлдем басқа мономерлерден құралған.
Белоктың молекулалық массасы оның құрамындағы аминқышқылдарының санына байланысты. Мысалы, инсулин белогінің құрамында 51 амин қышқылдарының қалдығы бар, екі полипептидтік тізбектен тұрады, молекулалық массасы 5733, ал гемоглобиннің құрамында 574 амин қышқылдарының қалдығы бар, молекулалық салмағы 64500. Əртүрлі белоктардың құрамындағы амин қышқылдары қалдықтарының саны əртүрліжүзден бірнеше мыңға дейін. Белоктың молекулалық массасын əртүрлі физикалық жəне химиялық əдістермен анықтауға болады, солардың ішінде кең тарағаны: электрофорез, молекулалық тор əдісі, ультрацентрифугалау т.б
Қызметі:
Белоктардың физикалық жəне химиялық қасиеттері
Белоктар үлкен молекулалы органикалық қосылыстар, олар жартылай өткізгіш мембранадан өте алмайды. Белоктарды басқа қоспадан диализ арқылы тазарту осындай қасиетіне негізделген. Молекуласының пішіндеріне қарай белоктар фибрилярлық жəне глобулярлық болып екіге бөлінеді. Глобулярлық белоктардың құрылымы шағын, полипептидтік тізбектері сфера (шар) немесе элипсоид сияқты бүктелген болады.
Белоктарға тəн физикалық қасиеттердің бірі - молекулаларының бетіне кіші молекулалы органикалық қосылыстар мен иондарды адсорбциялау қабілеті. Белоктардың транспорттық қабілеті осы қасиетімен тығыз байланысты.

Белок ерітіндісі коллоидты ерітінді жəне коллоидты ерітінділердің барлық қасиеттеріне ие. Белоктардың коллоидты ерітінділері тұрақты келеді, оған екі себеп бар: біріншіден, белок бөлшектері электр заряд алып жүреді, екіншіден, белок молекулаларының айнала сыртын бірнеше қабаттан тұратын тығыз су қабықшасы қоршап тұрады. Бұл фактор белок молекулаларының бір-бірімен қосылып (коагуляцияланып), тұнбаға түсуіне кедергі жасайды