Бердалы мырзаханов


Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері: 1 деңгей-сенси- тивті



бет56/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103
Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері: 1 деңгей-сенси- тивті (сезімталдық) - ауырсыну сезімдерінің жинақтамасы. Ағза жұмысының бұзылуы салдарынан адамда әдеттегіден тыс белгісіз бір сезіну пайда болады. Бұл сезінулер сомати- калық аурулардың жаршысы ретінде білініп, дискомфорт жағдайын тудырады. Сондықтан, адамның психофизиоло- гиялық тонусының өзгеруі- соматикалық аурудың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Бұнда жалпы субъективтік сезінулер- мен қатар, жергілікті (ошақты) дискомфорт та дамуы мүмкін, мысалы, жүрек, асқазан және бүйрек түсында. Дерттің әрі қарай дамуына байланысты дискомфорт жағдайы ауырсыну сезіміне ауысады.
Қазіргі көзқарасқа байланысты ауырсыну сезімі- Бұл өте күшті тітіркенгіштер әсерінен органикалық және функцио- налдық өзгерістер дамуы салдарынан пайда болған адамның ерекше психофизиологиялық жағдайы. Ауырсыну сезімі әртүрлі жекеше реакцияларды дамытады. Ауыру сезіміне реакция беруі және оған қойылатын субъективті баға сыртқы жағдайларға, тұлғалық ерекшеліктерге, ауырсынуға қатына- суға байланысты болады. Одан қорқу, тосу, шаршау және ұйқы қашуы, ауыру сезіміне адамның сезімталдық қабілетін жоғарылатады.
Ауырсыну сезімін адам тек қана дерт белгісі ретінде қа- былдамай, ол оның өміріне туып тұрған қауіп, оған байла- нысты мүгедектікке, кәсібінің және әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, материалдық статусын жоғалтуына «себепкер» деп біледі.
2 деңгей-эмоциональды - аурудың симптомдарына, ауру- дың өзіне және салдарына науқастың реакциясы, жауабы. Ауыру сезіміне байланысты дамыған қорқу эмоциясы салда- рынан, бір топ эмоционалдық реакциялар пайда болады: үміттену сезімі, қайғырып уайымдауы, үміт үзуі, күдер үзуі, күйзелуі, т.б. Бұл эмоционалдық феномендер, аурудың ішкі бейнесінің эмоционалдық феномендер, аурудың ішкі бейнесінің эмоционалдық компонентін күрастырады.

  1. деңгей - интеллектуалды- науқастың өзінің ауруы туралы елестеулері, білімдері, оның пайда болу және салдары туралы ойлары. Эмоциональды уайымдауы адамды ізденіске үмтылдырады, ол өз жағдайын түсіну үшін ақпарат іздей бастайды: дәрігерлерден, медицина қызметкерлерінен, туыс- қандарынан, достарынан, т.б., осыған байланысты ауру адам сырқаты туралы өз көрінісін құрастырады, алайда, ол көбінесе объективті шындықтан алыс болады. Өзі қурастыр- ған ауруы туралы көрініс нәтижесінде науқас аурудан шығу жолдарын іздестіреді: дәрігерге қатынасады, емшілерге барады немесе өзін-өзі емдеуге кіріседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет