Бердалы мырзаханов


Нозофобты - науқас кемтар болып қалудан, өзіндегі ауруынан айығамауынан қорқады. Анозогностикалық -



бет58/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Нозофобты - науқас кемтар болып қалудан, өзіндегі ауруынан айығамауынан қорқады.
Анозогностикалық - ауру туралы ойлардан, оның асқынуынан, теріс жақтарынан белсенді түрде алшақ тұру.
Ипохондриялық типте субъективті жағымсыз сезімдерге көп көңіл бөлуі және олар туралы айналадағы адамдарға әңгіме түрінде жиі айтуы кездеседі. Науқастардың дертіне көзқарасының ең жиі кездесетін варианты.
Мазасыз типте-аурудың жағымсыз дамуына, ауру ағы- мына, оның асқынуының пайда болуына, тиімсіз және тіпті емдеудің өмірге қауіпті болуына күдікпен қарайды, жаңа емдеудің тәсілдерін іздестіреді. Бұндай науқастардың ауруға реакциясы қозғыштықпен сипатталады, олар көбінесе ауыру сезімі кезінде қатты мазасызданады. Бұл типтегі реакция ауру туралы қосымша мәліметтерді және емдеу тәсілдерін қарас- тыруға құштарлықпен сипатталады, «беделді мамандарды» іздестіру байқалады.
Неврастениялық - іс-әрекеті «әлсіз күйгелектену» түрі- мен сипатталады, күйгелектігі шапшаң болады, көбінесе ау- рудың жағымсыз сезімдері дамығанда және емдеудің әсері болмаған кезде байқалады. Күйгеліктік жылаумен немесе күлкімен аяқталады.
Меланхолиялық- жазылуына толық сенбеуі, пессимисти- калық қатынасы айқындалып, жағымды объективті нәти- желер кезінде де пассивті көзқарасы айқындалып, жағымды объективті нәтижелер кезінде де пассивті көзқарасын
депрессивті айтып, жазылуға деген сенімсіздігі білінеді, тіпті суицидальді ойларға дейін барады. Аурудың көрінісі бойын- ша саналы түрде «өз-өзін физикалық жақтырмау» бірінші орында тұрады.
Апатиялық - өзінің тағдырына, аурудың ағымына, емдеудің нәтижесінде немқұрайлықпен қарау, процедураларға пассивті көзқараста болу және емдеу басқа адамдардың қадағалауымен ғана қабылданады. Науқас «өмірге деген ын- тасын» жоғалтады. Апатиялық түрінде өзіне және ауру ағымына деген немқұ- райлылықтың болуы, өмірге құштарлық- тың болмауы анықталады.
Эгоцентриялық - «ауруға ену, бас ұру» деп сипатталады, науқас өзінің ауыру сезімі туралы өзіне көңіл аудару үшін жақын адамдарға, туысқандарға әңгімелей береді. Науқас адам өзіне басқалардың көп көңіл аударғанын қалайды.
Параноялды - ауру «біреудің жаман ойының бірі» деп санайды. Науқас дәрі-дәрмектерге және процедураларға кү- дікпен қарап, айналадағы адамдарды кінәлаумен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет