Дисфориялық - науқастың көңіл күйі нашар, сау адам- дарға қызғанышпен қарайды, жақындарына деспотиялық қатынаста болуы белгіленеді.
Сенсетивті - науқас өзінің ауруы туралы мәліметтің айналадағы ортаға қандай әсерін тигізетінін ойлап тұрады. Науқас «айналасындағы адамдар өзін айналып өтеді»- деп ойлайды, өзін толымсыз, кем сезініп, ауру туралы сөз қозғауға, ауруға байланысты жақын адамдарға күш түсіруге қорқады. Науқастың айналадағы адамдардан үялуы, масыл болғысы келмеуі байқалады.
Диссимуляция. Сырқаттанғанын біле отырып пациент саналы түрде аурудың белгілерін жасырады және ол үшін барлық күшін салады: мамандық міндеттерін бір қалыпты
орындай береді, жанүяда және қоғамда қалыпты жағдайын сақтайды. Аурудың дамып үдеген кезінде оның белгілерін жасыру қиын, не мүмкін болмаған жағдайда да ол өзі таңдаған тәртіп бағытын сақтай береді.
Аггравация - ауру белгілерін, жағдайының ауырлығын арттырып асыра айту. Бұл жағдайда адам өзін аурудан шектен тыс, өте ауыр және қауіпті деп көрсетеді. Аггравация истерияға шалдыққан адамдарда кездеседі. Өзіне басқалар- дың назарын аудару және ниетін қоса білдіру, басқалардың көңіл-күйіне әсер ету үшін немесе жеке басының пайдасын табу мақсатында іске асырылады.
Көбінесе бұл егде адамдарда кездеседі (жалғыздықтан қорқуы, дәрігерлердің назарын тарту үшін, т.б). Аггравация- ны толық санасыз психологиялық реакция деуге болмайды, себебі науқас Мұнда арнайы мақсат қойып, себебін анық біледі.
«Ауруға салыну» реакциясы -науқас ауырсыну жағ- дайына толық назарын аударып, оған өз Құндылықтарының ішінде жоғары орын беріп, ауруына байланыссыздарын елемейді. Науқастың ауыр қайғыға, уайымға салынуы, бүкіл тұлғасымен ағзадағы өзгерістерге берілуі салдарынан, өмірде сәтсіздікке, қақтығыстарға ұшырайды. «Ауруға берілуі» сал- дарынан адам өмірінің күрделі ситуацияларынан, мамандық немесе жеке тұлғалық жеткіліксіздерінен қашуға мүмкіншілік алады. Мұндай жағдай психикалық ауруларда, неврасте- нияларда жиі кездеседі.