4- деңгей - мотивациялық- өзінің ауруына науқастың қарым- қатынасы және ауру кезіндегі тәртібінің өмір сүру салтының өзгеруі.
Тақырып 5.2 Дертке көзқарастың түрлері және науқастардың дертке психикалық (мінез-құлықтық)
серпілісі Медициналық қызметкер әр адамның психологиялық ерек- шеліктерін ескере отырып, олардың дертке реакциясын, әрқашан да назарынан тыс қалдырмауы қажет. Ем нәтижелі және тиімді болуы үшін медициналық қызметкер науқастың
мінез-құлқына, оның дертіне, психологиялық реакциясына негізделе отырып, емдеу процесіне адамның өзін тартып қатыстырып отырса, жоғары нәтижеге жету мүмкіншілігі бар екені мәлім. Тұлғаның ерекшеліктеріне, өмірдегі және әлеу- меттік орнына, жағдайына байланысты әр ауру адам сырқа- тына түрлі көзқараста болуы мүмкін. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ауру адамның өз дертіне қатынасы (реакциясы) келесі түрде болатыны анықталған: гармониялық, эргопатия- лық, нозофобты, нозофильді, апатиялық, параноялдық, нев- растениялық, эйфориялық, эгоцентриялық, анозогнозиялық, сенсетивтік.
Дерт адамның жанұясына, әлеуметтік жағдайына, көңіл- күйіне, яғни өміріне де үлкен әсер етеді. Әсіресе, күрделі және асқынган ауруларда, обыр ауруында, мүшелері алынған операциялардан кейін адам өмірі күрт өзгеріп, жұмысқа қабілеті болмай мүгедектікке ұшырайды.
Ауруға деген науқас реакциясының бірнеше негізгі түрлері байқалады, олар науқастың бейімдеушілік қабілетін медициналық қызметкердің бағалауымен сипаттайды. Науқастың ауруға қатынасының түрлерін келесі үш бағытқа бөлуге болады:
Хал-жағдайына және шағымдарына қатынасы;
Емдеуге және медициналық қызметкеріне қарым- қатынасы;
Әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы.
Гармониялық- өзінің хал-жағдайын адекватты, қалыпты түсінетін және барлық жағдайды жамандық жағынан қара- май, бірақ қуаныш сезімінсіз бағалайды, емдеуге белсенді түрде қатысады. Науқас басқа адамдарға өзінің салмағын түсіргісі келмейді. Егер дерттің жағымсыз болжауы (прогно- зы) болса, мүгедектікке ұшыраса, өз күш-қайратын жақын- дарына көмектесуге, өз шамасына, денсаулыға қарай, өмірде өз орнын табуға тырысады.
Эргопатиялық- науқастың аурудан алшақтау үшін жұ- мысқа берілуімен сипатталады. Тіпті дерттің ауырлық
дәрежесінде де науқас өз жұмысын ары қарай атқарады. Онда өте жоғары жауапкершілік, жұмысқа деген құштарлық болады. Науқас зерттеулерге және емдеуге енжарлықпен қарайды. Науқастың Бұндай көзқарасының себебі - өзінің профессионалды статусын сақтаумен және белсенді жұмыс қызметін ары қарай жалғастыруға құштарлығымен сипатталады.
Нозофильді -адамда ауруым бар деген жоғары құнды идеялар пайда болады, сол себептен ауруды емдеумен және өзін-өзі емдеу туралы елестетулер пайда болады.