Бердалы мырзаханов


Әлеуметтік «мәртебелі» аурулар



бет60/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
Әлеуметтік «мәртебелі» аурулар. Науқастың ауруға психологиялық рекциясына «әлеуметтік мәртебелі» факторы да қатысады, яғни Бұл- бір әлеуметтік топ ішінде, ауырған адамғажәне оның ауруына деген көзқарас, қатынас. Қазіргі күнде «мәртебелі ауруларға» жататындар: миокард инфаркті, жүрек ишемиясы, стенокардия, т.б. Олар адамның әлеуметтік статусын жоғарылатады, яғни оның еңбекқорлығын, жауап- тылығын, міндеттілігін дәлелдейді. Ал геморрой, жаралы колит, т.б. әлеуметі күнды емес дерттерге жатады, оларды қоршағандардан жасырады.
Аурудың дертке психологиялық реякциясын анықтауда оның туысқандарының, достары және қызметтестерінің қаты- насы да өте маңызды болады. Жақындарының назарынан, қамқорлығынан айырылған адам, тез арада мамандық әреке- тіне оралып, айырылған жақындарының ынта - ықыласын қайтаруға тырысады.
Симуляция. Бұл адамның ауруға жасаған әрекеті емес, себебі адамда дерт жоқ. Симуляция дегеніміз - ауруға шал- дықпаған адамның саналы түрде дерттің белгілерін ұсынып, шағымдануы.
Симуляция адамға ауру пайда әкелетін кезде байқалады, мысалы, әскери міндеттен қашу, мүгедектік алу, сот жазасы- нан кұтылу, т.б. білім дәрежесі төмен, медицинадан хабарсыз және аңқау, әлеуметті жетілмеген адамдарда симуляция жиі кездеседі. Сонымен қатар, медициналық білімі бар, тәжіри- белі, денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын адам- дарда таңдаған дертті жақсы оқып, біліп алып симуляция әрекетін жасайды.
Адамның ауру туралы көзқарасы, реакциясы соматоно- зогнозия деп аталады. Оның келесі түрлері болады: нормосоматонозогнозия,
гиперсоматонозогнозия,гипосоматонозогнозия, диссоматонозогнозия.
Нормосоматонозогнозия - адам өз ауруына, жағдайына және сауығу мүмкіншілігіне қалыпты баға береді. Емдеуге аурудың ынтасы оңды, дұрыс, дертпен күресіп, қарсы тұруға белсенділік көрсетеді. Бұл қасиет салмақты және бірқалыпты адамдарға тән .
Гиперсоматонозогнозия - адам аурудың жеке белгілеріне қалыптан тыс, өте жоғары баға береді. Бұндай адам дертіне өте көп көңіл бөліп, қатты қапаланып, үрейленеді. Оның емдеу кезіндегі белсенділігі де өте жоғары, арнайы меди- циналық эдебиетті оқуға құмар және дәрігерді жиі ауысты- рып, әртүрлі емге жүгіреді. Қөңіл- күйі болмай медициналық қызметкердің айтқанын толық орындағанмен, келешегіне
күмән болады. Бұл қасиет үрейленген, өзіне-өзі сенбеген, көп қайғыға берілетін адамдарға тән .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет