Бердалы мырзаханов



бет61/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Гипосоматонозогнозия - адам ауруын, жағдайын өте төмен бағалап мән бермейді. Олардың белсенділігі төмен, тексерілуге және емделуге мүддесі жоқ, келешегіне жоғары нәтиже бере алмайды. Ем шараларын толық орындамайды. Бұл қасиет жеңілтек, үстірт ойлы адамдарға тән . Дәрігерге барудан бас тартады, емдеуге теріс көзқарас жасайды.
Диссоматонозогнозия - адам ауырғанын жоққа шығарып, мойындамайды, әсіресе, онкологиялық аурулардың бастапқы кезінде. Кейбіреулері өз дертін жасыруға ынталанады.
Адамның ауырғанына қалыптасқан реакциясы жасына да байланысты болады. Мысалы, жас адамдар өз ауруларына мән бермей, төмен баға береді (гипосоматонозогнозия), ал егде адамдарда гиперсоматонозогнозия, орта жастағыларда - диссоматонозогнозия байқалады.


Тақырып 5.3 Психологиялық ерекшсліктсрі бар және психикалық бузушылықтары бар науқастармен қарым-


қатынас жасау
Науқаспен сұхбаттасқанда медициналық қызметкер оның психикалық статусына, көңіл-күйіне, ойлау қабілетіне назар аударғаны жөн болады. Неврозбен сырқаттанған науқас- тардың қоғамда адаптациясы төмен болады. Мұндай науқас- тар өзінің диагнозы, симптомдары, қабылдаған препараттары жөнінде ашық ақпарат береді. Деменциямен сырқаттанған науқастарда ойлау қабілеті бұзылады. Жедел аурумен сыр- қаттанған науқастарда қозғыштық реакция көрініс беруі мүмкін. Мұндай аурулармен ауырған науқастардан қажетті мәлімет алу қиынға соғады. Олар қойылған сұрақтарды жеткіліксіз тыңдап, нақты жауап бермейді, өз сиптомдарын, не болғаны жөнінде Дұрыс айта алмайды. Кейде науқастар есте сақтау қабілетінің нашарлағанын жасыру мақсатында, жалған мәлімет беріп, ойдан шығарған көп жағдайларды баяндайды.
Егер медицина қызметкері деменция (жүре пайда болған ақыл ойдың аздығы) белгілерін анықтаған жағдайда, науқас- тардан терең мәлімет алуға уақыт жібермегені жөн. Меди- циналық қызметкер науқастың психикалық статусына, ес- санасының жағдайына, есте сақтау қабілетіне аса назар ау- даруы тиіс. Сұхбат барысында науқасқа мынадай сұрақтар қоюға болады: «Соңғы рет сіз дәрігерде қашан болдыңыз? Қашан болғаныңызды кәне көрейік? Емханалық құжаттан қарап, тексеруге болады», «Сіз қазір мына мекен - жайда...... тұрып жатырсыз ба? Сіздің телефоныңыздың нөмірі қан- дай?». Осындай қойылған сұрақтарға науқастың жауабын ауру тарихынан, кужаттардан қарап, тексеруге болады (егер жазылған болса).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет