Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
* * * 
 
Баяндалған оқиғадан кейін менің қандай халге түскенімді сезіп отырған 
боларсыңдар. Тойға мамам да барып еді. Абиыр болғанда, шаршы топтың 
алдында жалғыз ұлының қандай масқараға душарланғанын ол кӛре қойған 
жоқ. Ол кезде мамам артистер ойын қойып жатқан жақта болатын. 
Кірмегенім қара жер, ӛзім ӛз болғалы еңсем мұндай түсіп кӛрмеген шығар. 
Той-думан жайына қалды, ұрыдай сусып келіп, атыма міндім де, Сұлтанның 
соңынан тартып отырдым. 
Мен қазір Сұлтанды, кӛзіме кӛріне қалса, жеп қойғалы келе жатырмын. 
Оның опасыздық қылығына қалай ыза болмайын. Қолмен істеген нәрсесін 
мойнымен кӛтеруге жарамау ер адам үшін неткен пасықтық. Мен Сұлтанның 
мұншалық жаны тәтті жарғанат екенін біле қойған жоқ едім. 
«Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, 
қаларсың ұятқа» деп қазақ атам осындайдан айтқан екен ғой. 
Жүгірген бойда жылқылы ауылға келдім. Сұлтанның ӛзі тұртай, ізі де 
жоқ, Одан ӛзіміздің фермаға келдім. Мұнда да тырс еткен пенде кӛрінбейді. 
Жұрттың бәрі тойда жүр. Атымды мама ағашқа байладым да, жаппаға кіріп, 
сұлай кеттім. Ex, шіркін ӛмір. Неткен қызық нәрсе едің... Біресе 
шаттандырып күлдіресің, біресе бүлдіресің. Соның бәріне адам ӛзі кінәлі. 
Мазасыз ой тепкісінде басым қатып жатып, қалғып кеткен екенмін. 
- Әй, шық бері! — деген қаһарлы дауыстан селк етіп, шошып ояндым. 
Атып шықсам, Сұлтанның әкесі Сүгір жылқышы келіп тұр. Астында түйедей 
қызыл ат, білегінде іліп алған құрығы бар. 
- Сұлтан қайда? 
- Білмеймін. 
- Heгe білмейсің? Ӛй, ант атқан алаяқ немелер! Бірін бірі тануын 
бұлардың. 
Сүгір мені домбытып қойғысы келді ме, жоқ әлде шынымен ұрмақ 
болды ма, атын тебініп, қамшысын тік кӛтеріп, ұмтыла берді. Жалт беріп, 


33 
Sauap.org
жаппаға қайта сүңгіп кеттім. Ойнақшыған қызыл ат жаппаны омырауымен 
қағып, енді бір тебінсе, тіпті басып, таптап ӛтуден тайынар емес. 
Сүгір босағаны қамшымен сарт еткізіп бір тартып қалды. 
- Ерін ал да, қоя бер ана атты! 
Маған берген бұйрығын Сүгір ӛзі орындады. Мама ағашта байлаулы 
тұрған аттың ерін алды да, анадай жерге тарс еткізіп тоқымын шашып 
лақтырып тастады. Сонан соң аттың жүгенін сыпырды да, сауырға бірді 
салып, айдап жіберді. Еркіндік алып, рахатқа батқан ат құйрығын желбірете 
тігіп, пырт-пырт жел шығарып, қуана кісінеп, ойнақтап тартып отырды. 
Қарына ілген құрығы жер сызып, оның соңынан алды-артына қарамастан 
Сүгір жосылтып жӛнелді. 
Жығылған үстіне жұдырық — зығырданымды қайнатқан Сұлтанның 
қылығына мынау қосымша болды. Қара жаяу қалды деген осы. 
Мамама сыр бермейін деп, ер-тоқымымды әкеп, босағаға жиып қойдым. 
Кешқұрым мамамдар келді. Ол әлі де ештеңе сезе қоймаса керек. 
- Сендер неге ерте кетіп қалдыңдар? — деп сұрады. 
- Шаршадық, шаршаған соң, кетіп қалдық... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет