Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
ОН БІРІНШІ ТАРАУДА 
Менің ауылға қайтқан сапарым баяндалады. 
Ойламаған жерден жайлау қызығы осылайша тамам болды. Мұнда 
кӛліксіз күнің күн емес, серіксіз одан да жаман. Қожекең соның екеуінен де 
жұрдай болды. Бірер күн ферма басында боламын деп, зерігуден ішім 
жарылып ӛліп кете жаздадым. Бар бітіргенім, бір ғана «Жауынгерлік листок» 
шығарып бердім. Оның ӛзін парторг оқып кӛріп, түкке жаратпай тастады. 
«Кілең ӛлең-сықақпен толтырып жіберіпсіңдер, маңызды бір де бір саяси 
мақала жоқ, осы да газет пе» деп, парша-паршамызды шығарып сынады. 
«Газет деп, ана екінші бригаданың газетін айтыңдар. Барып, оқып 
кӛріңдерші. Міне, «"Жауынгерлік листокті" солай шығару керек. Солардан 
үлгі алыңдар», — деді. 
Парторг кеткеннен кейін, мен әдейі ол мақтаған газетті кӛрмекке екінші 
бригадаға бардым. Сӛйтсем, олар бүйтіпті: «Социалистік Қазақстанның» 
«Мал шаруашылығын ӛркендете берейік» деген бас мақаласын алыпты да, 
бастан-аяқ сықпыртып түгел кӛшіріп жазыпты. Оның соңында редколлегия 
мүшелері деп, үш адамның фамилиясы тұр. Одан тӛменгі бұрышта почта 
жәшігінің суреті салынып: «Жолдастар, қанша ескертсе де, бір де 
біреулеріңіз мақала бермейсіздер. Келесі нӛмірлерімізге мақала беріңіздер» 
деген сӛз жазылған. Одан тӛменірек газетті бекіткен кнопка. Міне, бұдан 
басқа мен ештеңе де кӛре алған жоқпын. Парторгке осы газеттің соншалықты 
несі ұнағанын мен, әрине, біле бермеймін. Ал менің ойымша, біздің газет бұл 
газеттен он есе артық. Бұл, әрине, менің ӛз пікірім, ал парторгтің пікірі 
әлгідей. Мен бұған таңдана да қоймаймын, ӛйткені пікір қайшылығынсыз 


34 
Sauap.org
ешбір ақиқаттың беті ашылуы мүмкін емес деген сӛзді бір ақылды кітаптан 
ӛз кӛзіммен оқығаным бар. Нақты қай кітаптан оқығанымды ұмытып 
қалыппын, ол үшін оқушыдан кешірім сұраймын. 
Бір кеште мамам: 
— Балам, босқа сенделмей, ауылға қайт. Ана ӛзге балалар қатарлы 
колхозда жұмыс істе. Осы қыдыруың жетеді, — деген сӛз айтты. 
— Ӛзім де қайтам, — дедім мен. 
Ертесінде ӛзіміздің колхоздың екі тонналық бір машинасы жем алып 
келе қалған екен. Шофері Қайыпжан дейтін ақкӛңіл жақсы жігіт. Соның 
қасына кабинаға отырып, жайлаумен қош айтысып, тартып отырдым.Жұпар 
атқан кең жазықтың тӛсінде жұмсақ қара жолмен жүрдек машина барынша 
зырлап келе жатқанда, ұшқыр қиял шіркін де тұғырында тоқырап қала 
алмайды-ау. Қанатын қағып-қағып жіберіп, дауылпаздай шарқ ұрып, ол да 
самғап ұшады. О, ата мекенім, қазақ жері! Сенің шет-шегіңе қиялдан ӛзге не 
жетіп үлгереді?! Сол алып ӛлкеңнің бір пұшпағын ыстық кӛзбен, бар адал 
сезіміммен аймалап, елеусіз бір перзентің мен келе жатырмын. Мынау асқар 
тау, жасыл жазық, мӛлдір ӛзен, қалықтаған анау ақша бұлттар, тұнық аспан 
осының бәр-бәрін, егер құшағым жетсе, ең қымбат, аяулы анамдай 
аймалап құшар едім, сүйер едім. Япыр-ай, неге сонша ыстық болдың, туған 
жер! 
Мен табиғатты сүйемін. Мен шынайы поэзияны сүйемін. Абай мен 
Қасымды қанша оқысам да, менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім 
келеді, оқи бергім келеді. Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін 
тыңдағанда, ӛзімді ӛзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сӛзінің 
астынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарыш-құрыш сілтескен найза, қылыш 
үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын, қазақ жері! Осының 
бәрі сенің топырағыңда ӛсіп-ӛнген кереметтер емес пе... 
Машина жолы кезеңнен біздің ауылға қарай тура аса алмайды. Түзкӛлді 
айналып жүреді. Бұл тӛте жолдай емес, әлдеқайда ұзақ. Бірақ жүрдек машина 
жер апшысын қуырып, шыдатар емес. Әлгінде ғана мұнартып кӛз ұшыңда 
кӛрінген қара тұмсық енді, міне, сырғанап артта қалып барады. Жол 
шетіндегі телеграф бағаналары бірін бірі қуалап, қарсы жүгіріп келе 
жатқандай болады. Әне, алдан Түзкӛл кӛрінді жалтырап. Қара жол соның 
сортаң жиегімен ӛтеді. Бір мезетте кӛл де сырғып кейін қалды. Жол қасқайып 
шығысқа қарай тура тартты. Спидометрдің қылт-қылт еткен жебесі шұғыл 
ойысып, елуге тақап барды. Одан да асыңқырап, алпысты шоқыр-шоқымас 
болып дірілдеп тұр. 
Кенет бір белеске кӛтеріле беріп, Қайыпжан машина маңдайын 
жолсызбен тауға қарай бұрды. 
- Аға, қайда барамыз? 
- Мынау сайда шӛпші балалар бар. Соларды ауылға ала кетеміз, — деді 
Қайыпжан. 
Бұл сӛз менің жаныма онша жайлы тие қойған жоқ. Майқанова да 
осында болу керек. Жантас та. Менің оларды қазір кӛргім, дұрысырақ 


35 
Sauap.org
айтқанда, оларға кӛрінгім келмейді. Анада олар бәрі шӛпке кетіп бара 
жатқанда, менің бармай қалғаным оқушыға мәлім. Майқанова мені кӛрісімен 
мүйіздеп ала жӛнелуі айқын. Бірақ амалым қанша, машина менің билігімде 
емес. Ех, жалған, бір басыңа бір машинаң болмаған соң, құрысын да! 
Тау сағасына жете бергенде, алдымызда, сарқырама шағын ӛзеншенің 
бойында бір боз үй және бір ақ шатыр кӛрінді. Боз үйдің тӛбесінде кішірек 
қызыл жалау желбіреп тұр. Индиялықтар тәрізденіп қара қайыстай болып 
күнге күйген бір топ бала волейбол ойнап жүр. Машина қостың деңгейіне 
келіп тоқтады. Ӛзен арнасы теңкиген қойтастарға толы, шұңғыл еді. Кӛпір 
кӛрінбейді. Қайыпжан машинадан шығып: 
- Әй, балақайлар, мынадан қалай ӛтуге болады? — деп дауыстады. 
Бір топ бала бері су бойына жүгіріп келді. Бұлардың ішінде биыл 
жетіншіні бітірген атақты палуан Батырбек, менімен бірте оқитын, отряд 
советінің председателі болған Темір бар еді. Әне, Жантас қу жүгіріп келе 
жатыр. Газеттен пилотка жасап киіп алыпты. 
- Ӛткел тӛменде қалды. Бұл арадан ӛте алмайсыз, — деп шуласты 
балалар. — Олай болса, жығыңдар үйлеріңді. Бері тасып әкеліп тиеңдер 
машинаға. 
Батырбек бригадир екен балаларға. Жалаңаш білетіне қызыл шүберек 
байлаған бір балаға ол: 
- Кезекші, бригаданы сапқа тұрғыз! — деп команда берді. 
Кезекші жүгіріп шатырға кіріп кетті де, күнге шағылысқан аппақ горнды 
құйқылжытып ойнап, қайта шықты. Сол сол-ақ екен, доп ойнап жүрген 
балалар ойындарын дереу доғарып, әп-сәтте шатыр алдындағы сызықшаны 
бойлап сап түзей қалды. Ӛз кӛзіме ӛзім сенбегендей мен таң-тамашамын. 
Тәртіп деп осыны айт. Құлды әскер тәрізді. 
- Жолдас бригадир! Бригада мүшелері сіздің бұйрығыңыз бойынша 
сапқа тұрды, — деп кезекші Батырбектің алдында қаздиып рапорт беріп тұр. 
Балалар жапырлап киіз үйді, шатырды жығып, жинай бастады. 
Мен болсам, кабинаның есігіне жабыса түсіп, ешкімнің кӛзіне 
шалынбауға тырысып, мықшиып отырмын. Бас-аяғы бірнеше минуттың 
ішінде ғана кӛз алдымда болған әлгі әсерлі кӛріністер, бір жағынан, бойымды 
шымырлатып, делебемді қоздырса, екіншіден, ӛкіндіреді. Қап, анада 
жайлауға барғанша, осылармен бірге шӛп шабысқа неге келмедім? 
Балалар әлдеқайдан жалпақ бір қалың тақтай тауып әкеліп, арнаға кӛпір 
етіп салды да, соның үстімен жүкті таси бастады. Ӛзгеден бұрын мені Жантас 
қу байқап қалды: 
- Сен қайдан жүрсің, дезертир? 
- Шаруаң қанша? 
Абиыр болғанда, мұғалімдерден мұнда ешкім жоқ екен. Майқанова 
ертемен ауылға кетіп қалыпты. Әп-сәтте жүк тиеліп болды. Рюкзактарын 
арқалап, улап-шулап балалар машинаға мінді. Кабинадағы орнымды аспаз 
қыздарға беріп, мен де кузовқа шықтым. Машина жайлап бұрылып, әлгіңде 
келген ізімен тӛменгі жолға қарай тартып отырды. 


36 
Sauap.org
Ауылға әндетіп, думандатып келіп кірдік. Колхоз кеңсесінің алдында 
ішінде артель председателі бар бірнеше адам бізге қарап әңгімелесіп тұр 
екен. Машина солардың қасына келіп тоқтады. Сабырбаев председатель 
қолын шаттана кӛтеріп: 
- Ой, еңбеккерлерім, амансыңдар ма! — деп жарқын қарсы алды. 
Бұл ӛлкедегі жұрттан ӛзгешелеу, күзеген байталдай шұнтиып киінген 
шетен қалпақты ашаң қараторы жігіт мойнындағы фотоаппаратын оңтайлап, 
қарбаласып жатыр: 
- Балалар, машинадан түспей, тұра тұрыңдар. 
Айдаладағы біреу ӛзі тіленіп суретке түсіргелі жатса аяймыз ба 
тұмсықты. Мен кузовтың орта шенінде едім, кимелеп алға қарай шықтым да, 
тұра қалдым қасқайып. Бейтаныс жігіт бір емес, екі рет шырт еткізіп суретке 
түсіріп алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет