Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет44/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Бағыттаушы жиын – практика басталғанда практика базасы туралы, атқарылатын жұмыстар мен студент-практиканнтың және әдіскердің міндеттері мен қорытындылау формасы, құжаттары, т.б. жөнінде ақпараттар беріледі.
Қорытынды жиын – кәсіби педагогикалық практика біткен соң өткізіледі. Оған барлық студент-практикант және әдіскерлер қатысады. Жиында практика кезінде жасалынған дидактикалық материалдар мен шығармашылық зерттеу жұмыстарының нәтижесін бейнелейтін көрме ұйымдастырылады. Студент-практикант пен әдіскерлер қорытынды есептерін бере отырып, ойларын, ұсыныстарын айтады, ұсыныстар тіркеледі. Практика мазмұны практика бағдарламасына және оқу процесінің жоспар-кестесіне сай анықталады.
Таныстырылымды бағалау (презентация) – практиканы бағалау шкаласына сай жүргізіледі. Оның бағалау критерийлері: мектеп, сынып құжаттары, жұмыс, басқару жүйесімен танысу деңгейі, сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің жұмыстарын меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттей білу деңгейі, этикалық-эстетикалық нормаларды ұстануы, практикаға қатысуы, кері байланыс жасай алуы көрсетіледі. Бағаның әріптік және сандық эквивалиенті (GPA), балл, дәстүрлі жүйелік бағалау, сынып жетекшісінің, тәрбие әдіскерінің, пән әдіскерінің баллы, қолы қойылады.
Таныстырылым критерийлері – сынып жетекшісімен бірге атқарылған әдістемелік жұмыстар, сыныппен және оқушымен қарым-қатынас орнату, кәсіби, ғылыми зерттеу жұмыстары кездескен қиыншылықтар мен одан шығу жолдары, ұсыныстар, болашаққа жоспар туралы слайд (бет саны төртеу) жасау, оны қорғау уақыты, дәлелдемелерін салу, мәтін деңгейі, программа түрлерінде жасау қажеттігі көрсетіледі.
Мінездеме – білім беру мекемесіндегі студентке бекітілген пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің практика барысында студенттің атқарған жұмыстарына берілген баға.


Кәсіби педагогикалық практиканы қорытындылау
Студент-практиканттың кәсіби педагогикалық практика қорытындысы «Педагогикалық жоғары оқу орындарыға арналған кәсіби практиканы ұйымдастыру технологиясы» атты оқу-әдістемелік құралында ұсынылып отырған портфолиода кешенді түрде берілген. Практикант портфолиодағы тапсырмаларды өз мерзімінде орындай отырып «студент күнделігі», «сабақ жоспарлары», «сабаққа қатысу және сынама, сынақ сабақтарын жүргізу, талдау» т.б. оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік және кәсіби бағдар беру бағыттарын толық қамти алады.
Портфолио жауапты тұлғалар тарапынан тексеріледі, бағаланады, мінездеме беріледі. Студент-практикант тарапынан практика өткен білім беру мекемесінде және өзі оқып жатқан педагогикалық жоғары оқу орындарында қорғалады және курсқа байланысты белгіленген мөлшерде рефлексивті есеп жазылады. Жауапты тұлғалар кәсіби педаогогикалық практика портфолиосы реттілігін, толтырылуы мен сапасын қарай отырып, практиканы ұйымдастыру және жетілдіру мақсатындағы студент-практиканттардың ұсыныстарын жинап, өзінің аналитикалық есебіне енгізеді. Бұл ұсыныстар оқу-әдістемелік Кеңесте немесе оқу процесін бақылайтын органдарда қарастырылып, нақты ұсыныстар жүзеге асырылады.
Кәсіби педагогикалық практика портфолиосының қорғалуы немесе талқылануы екі нақты кезеңнен өтеді. Бірінші кезең практика өткен білім беру мекемесінің базасы, оған міндетті түрде сол мекеме басшылығы, студент-практикантқа бекітілген пән мұғалімі мен сынып жетекшісі қатысуы тиіс. Екінші кезең студент-практикант білім алып жатқан педагогикалық жоғары оқу орындарындағы мамандығына байланысты бекітілген кафедра көлемінде өтеді. Кафедрада арнайы комиссия құрылады, оның құрамына міндетті түрде факультеттен және педпрактикаға жетекшілік ететін басқармадан арнайы өкілдер қатысуы тиіс. Екі кезеңнің қорытынды бағалары есепке алынып орта бағасы студент-практиканттың ресми құжаттарына (ведомость, сынақ кітапшасы, платонус) қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет