Би Темірге айтқан бірінші толғауы



бет8/11
Дата06.04.2023
өлшемі66,03 Kb.
#79876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
КЕБЕ – 1. Қағба.
2. Қасиетті жер, халық көп жиналатын орын.
Жүк тиедің кемеге
Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге. (Шалкиіз)


КЕЖІГУ – керілену, қырсығу, бәлі болу, бәлдемсу.
Шалулығы бәлден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр. (Шалкиіз) КЕШУ – көне. Су, өзен, сала.
Кешу кешмек сайдан-дүр,
Батыр болмақ сойдан-дүр. (Шалкиіз)


КӨБЕ – 1. зат. көне. Ерте кезде батырлар киген сауыт, темір қаптама. Оның екі түрі болады: бірі – жүректің тұсын, білезікті, тізені, иықты садақтың оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған сауыт, екіншісі – бүкіл денені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды (шығыршықтарды) біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасалған түрі. Кейінірек көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. Батырлар мінетін аттың да арқасы мен жонын, қабырғасы мен мойнын түгелдей жабатын көбелер де жасалған.
2. зат. Тырнақтың айналасындағы жиек еті.
3. зат. Бір нәрсенің жиегі, шеті.
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі. (Қазтуған)

Көн садақтың ішінде,


Көбе бұзар жебе бар. (Шалкиіз)
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе сайлап кимен-ді. (Шалкиіз)


КӨКСІГЕН – жерінен жеріген, безген.
Алма мойын самүйрек
Ана Еділден көксіген. (Шалкиіз)


КӨН – 1.зат. Ірі қараның терісінен иленген қатты былғары.
2.ет. Тағдырға мойынсыну, біреудің ыңғайына көну.
Көн садақтың ішінде,
Көбе бұзар жебе бар. (Шалкиіз)


КӨКШІЛІ – көкқұтан.
Көлдерде қулар шулайды –
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды. (Шалкиіз)


КҮДІНІЛГЕН – сатып алынған.
Жаңа кисең ескі жоқ,
Күдінілген балдан сарқыт жоқ,
Күлімсіреп айтқан сөзде қажау жоқ. (Шалкиіз)


КҮЛІК – ат сыны, атты санатқа қосу, сынату, сәйгүлік. Қазақтар тері алынған, бапталған, суытылған жүйріктерін бәйгеге қосар алдында төреші сайыпкерлердің, атсейістердің алдынан шұбатып өткізетін, не күрікке тұрғызып сынататын. Әрине, бәйге аты – сәйгүліктер екіден, төрттен емес, біртіндеп сыналатын. Өйткені бәйгеге қосылатын жүйріктің мүшесін, үстіне мінер шаңдозын, тұрманын тегіс көріп бағасын беру керек болған. Одан ұлы бәйгеге болсын, ұлан бәйгеге болсын жарамайтын, тек ат қарасын көбейтетін кейбір шорбуын, қарақсақ, қужауырын, суыту кезде сансырап қалған жылқыларды алып қалу құқы берілген. “Күлікте күлкі қыла көрме”деген мәтел де осыдан шыққан. Немесе “сәйгүлік” деген сөздің мағынасын алыңыз. Бұл осы пікірді дәлелдей түседі. Сәйгүлік, яғни күлікке сай деген сөз.
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе сайлап кимен-ді. (Шалкиіз)


КҮПШЕК 1. зат. Арба дөңгелегінің білік кигізілетін шабақтар қондырылатын тесіктері бар ортан бөлігі.
2. Саны жуан, жұмыр.
Күпшек санды тіл жалмаған күреңді
Тілеген достан аяман! (Шалкиіз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет