Би Темірге айтқан бірінші толғауы


АЙҒАҚ – дәлел, куә. Күндердің күні болғанда Сол жаман айғақ болар басыңа. (Шалкиіз) АҚТАЛАУ



бет5/11
Дата06.04.2023
өлшемі66,03 Kb.
#79876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
    Бұл бет үшін навигация:
  • АСПАР
АЙҒАҚ – дәлел, куә.
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа. (Шалкиіз)


АҚТАЛАУ – талтаңдау, яғни талтаңдап зорға жүру, дәлірек айтсақ, ақтатқан (піштірілген) аттай жүре алмай қалу. Көбіне бұл сөз еркектерге, жасы келген шалдарғаайтылады.
Ашалай шалың ақталап,
Шемірлігін ноқталап,
Шал сақалын жылаттың. (Шалкиіз)


АЛАБІЛЕК – садақ оғының бір түрі. Сайгез, бұлың, сұржебе, жезайыр, қалжуыр т.б. бәрі де садаққа салынар жебе түрлері.
Алабілек оқ салған,
Қой дегенде бір шапқан. (Шалкиіз)


АЛҒЫСЫЗ – 1. Айырып алғысыз. Біте қайнасқан, тығыз байланысты.
2. Іске, ештемеге жарамсыз, құнсыз, түкке алғысыз.
Арғымақтан туған будан бар
Күнінде көрінім жерді алғысыз. (Шалкиіз)


АЛДАСПАН – 1. Алмастан, болаттан соғылған, ба жағы үлкен, жалманы (жүзі) жалпақ, ауыр қылыш.
2. Сабында көлденең салынған болат қалқасы бар семсер.
Дулығалы бас кескен
Ерлердің алдаспаннан игі қолы бар ма?! (Шалкиіз)


АРАБЫ – араб елінен шыққан жылқы тұқымы.
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді. (Шалкиіз)

Алп, алп басқан, алп басқан


Арабы торым өзіңсің. (Шалкиіз)


АСПАР – аманаттау, тапсыру.
Етектеп жиған көп халқың,
Сұлтан ием, кеткеніңде,
Кімге аспар етерсің? (Шалкиіз)


АТАЙЫ – атақты, даңқты, мықты
Атайы ердің тұсында
Тұлпары тұрар тарп ұрып. (Шалкиіз)


АУЫР – 1. Көп, сансыз.
2. Ұлы, үлкен.
3. Қымбатты, бағалы.
Тебірлерге қалғанда,
Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз. (Шалкиіз)
Ақшәуліге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың. (Үмбетей)


АШАЛАЙ – талтаңдап, екі аяғы екі жаққа кетіп жүру.
Ашалай шалың ақталап,
Шемшірлігің ноқталап,
Шал сақалын жылаттың. (Шалкиіз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет