Би Темірге айтқан бірінші толғауы


«Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны» (үзінді)



бет4/11
Дата06.04.2023
өлшемі66,03 Kb.
#79876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
    Бұл бет үшін навигация:
  • АББАР
«Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны» (үзінді)
Қара бас күспен шалдырып,
Көк теңіздің үстінде
Көтеріп желкен аштырып,
Жүк тиедің кемеге,
Ниет еттің тәңіріңнің үйі кебеге!
Жүк тиесең кетерсің,
Ниет етсең жетерсің,
Жетсең тауап етерсің,-
Етектен жиған көп халқың,
Сұлтан ием, кімге асмар етерсің!..
....... Темір еді биіміз,
Теңіз еді халқымыз,
Тебірлерге қалғанда
Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыныз!
Соқса бір жілік сындырған,
Көк қоянның қос құлағын тұндырған,
Көгілдірдің жез қанатын сындырған,
Тегеуріңді болат темірдің
Тегеуіріні өзіңсің!
Айдынды көлге қал шауып,
Тоғызын соғып ұшырған
Қу сұлтаны саһарсың!
Саһарыңды сайлап қаусырған
Боз сұңқарым өзіңсің!
Тебірдің жұртта не ісі бар,
Тепкісіздің сеніменен не ісі бар,
Сұлтан ием, жұрт иесі өзіңсің!
Соқса бір қурай сындырмас,
Құладын жаман қу алмас,
Құладың қудың теңі түгіл-ді,-
Тебіренсе ауыр жұртың тындырмас,
Тебір жаман жұрттың теңі түгіл-ді.
Тіленішұлы Шалкиіз
Иесі би Темірдің тұсында
Бұлтқа жете жазды бұ мүйіз.

АБАДАН – 1. Қасқыр әуегінің көсемі, бастаушысы. Қасқыр жазда жеке-жеке жүргенімен, қыста ұлыққан кезінде топтанып әуектейді. Қасқырдың абаданы әуегіндегі басқа қасқырлардың атасы да, мықтысы да.
2. зат. көне. Күшті, мықты.
Һәр бірінің баласы,
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданынан айрылса,
Олардың һәр біреуі
Һәрбір итке жем болар. (Шалкиіз)


АББАР – суыт, үдере, сыпыра деген мағынада қолданылады.
Арқыраған ат мінген,
Аббар көшіп, шет қонған. (Шалкиіз)


АДЫРНА – 1. Садақтың оғы тіреп ататын тарамысы.
2. Жауынгершілік, аңшылықта қолданылған сыбызғы сияқты көне үрмелі музыкалық аспап.
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті. (Қазтуған)

Адырнасын атқа алған,


Атқан оғын тайға алған. (Шалкиіз)


АЙБАР – 1. айбат, айбын, қаһар
2. диал. Тұлғалы, зәулім, биік
Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе,
Айбар болар терегі. (Шалкиіз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет