Би Темірге айтқан бірінші толғауы



бет3/11
Дата06.04.2023
өлшемі66,03 Kb.
#79876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шалкиіз (жаттауға)

Ор, ор қоян, ор қоян,
Ор қоян атлы бір қоян
Он екі көжек атасы,
Қаудырқұлақ шал қоян,
Жүйрікпін деп мақтанба.
Жүйрікпін деп мақтанса,
Ұзын жолдың үстінде
Оралып ойнап тұрған
О-дағы бір құба арланға жолығар!
Алма мойын сам үйрек
Ана Еділден көксіген
Көлді тастап қырға ұшса,
О-дағы бір тарланға жолығар!
Далада құлан, домбай шұбырса,
О-дағы бір егеулі оққа жолығар!
Тағыдай түн түре қараған,
Таң берісіп жусаған,
Тарпаңдай тізесін бүгіп су ішкен
Арқада мезгілсіз жылқы жусаса,
О-дағы бір аш қасқырға жолығар!
Сөйлегенде сөзі аузына сыймаған,
Еріккенде қызыл тілін тыймаған
Ғақбытлы сол жаман
О-дағы бір пәлеге жолығар!
Атадан алтау тудым деп
Салмақтама немеңді,
Салмақтасаң немеңді
Тәңірі тесер төбеңді:
Бір жеке туғанға жолығып,
Өкпесі сонда торығар.


Жайыңды білген қарындас
Ол қарындас һәм жолдас,
Жайыңды білмес қарындас
Өзі дұспан, өзі қас.
Арғымақтың баласы
Жаздың алты ай жорытсаң,
Һеш өкпесі қабынбас,
Асыл туған батыр ер
Тоқсанға жасы жетпей қарымас.
Тәңірі өзіне бермесе,
Менменсіп жүрген ер жігіт
Кісіден тартып алып жарымас!
Емен шайнап, тал қайзар
Құлан, бұлан баласы,
Екі енені тел емген
Бұзылмайды жас тұлпардың саурысы.
Қатты бір тартып бек атсаң,
Қайрылып барып тез сынар
Қайың оқтың жарқасы.
Белбуардан саз кешсең,
Тобығыңнан келтірмес
Қамалаған қалың туған арқасы!


Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар,
Ақ желкенді жел бастар,
Ғадыл төре ел бастар,
Батыр жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар,
Құсты жисаң бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер,
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас,тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жімле ғаламға күлкі етер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет