Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы



бет7/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, адамдар ара қатынасының түрлі мағынасында қолданылады. Әдеп – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барынша жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады. Әдепті ұстаз басқа адамдармен, не оқушылармен қарым – қатынас жасағанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым – қатынасында жетекші орын алады. Әдептілік мұғалімнің шыншылдық, қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі, өзін - өзі басқарып, ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әр түрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі.
Педагогтық шеберлік -әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін, оқушылардың бойына әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтық әдеппен талантын ұштастырған адам.
БИЛЕТ №4
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, мәні. Тәрбиенің түрлері. Тәрбие туралы ұлы ойшылдардың ой-пікірлері.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет