билет Өнеркəсіптік су дайындау. Оларды тазалау әдістері


Конструктивті ерекшеліктеріне байланысты



бет4/21
Дата27.11.2023
өлшемі0,88 Mb.
#130403
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Конструктивті ерекшеліктеріне байланысты:
1) Сыйымдылықты (емкостные) реакторлар;
2) Колонналы реакторлар (барботажды және насадкалы колонналар);
3) Жылу алмастырғыш типті реакторлар.
Реактордың жұмыс көлемінде катализаторды орналастыру тәсілі бойынша:

  1. Жылжымайтын (с неподвижным) катализатор қабаты бар реакторлар;

  2. Жылжымалы (с подвижным) катализатор қабаты бар реакторлар;

  3. «Қайнаған» (с «кипящим») катализатор қабаты бар реакторлар.


Мерзімді жұмыс істейтін реакторлар. Мұндай реакторларға
реагенттерді
операцияның алдында енгізеді. Берілген айналдыру дәрежесін қамтамасыз ететін белгілі уақыт өткеннен кейін аппарат реакциялық өнімнен босатылады. Процестің негізгі параметрлері (реагенттер мен реакция өнімдерінің концентрациясы, температура, кысым және т.б.) уақыт аралығында өзгереді. Мерзімді реакторларда, әдетте, реагенттердің өте қатты араластырылуы нәтижесінде толық араластыру жағдайы орнатылады және сәйкесінше кез-келген уақыт аралығында барлық реакциялық көлемде температурада біркелкі болады.


Үздіксіз жұмыс істейтін реакторлар. Бұл реакторларда бастапқы заттар
үздіксіз тиеліп және сонымен қатар реакцияның өнімдері үздіксіз шығарылады. Көлемдік жылдамдық үздіксіз істейтін аппараттың өнімділігін сипаттайды. Көлемдік жылдамдықтың өсуімен бір бағыттағы реакциялар үшін реактордың өнімділігі (қарқындылығы) көбейеді, бірақ та айналдыру дәрежесі (өнімнің шығымдылығы) төмендейді және аппараттан өтетін реагенттердің жылжыуына қарсы кедергі өседі. Сондықтан, көлемдік жылдамдықты тек белгілі бір шекке ғана көтеру орынды бұл экономикалық түсініктермен де анықталады.


Жартылай үздіксіз жұмыс істейтін реакторлар. Бұл типтегі
аппараттарда, шикізат аппаратқа үздіксіз немесе бірдей уақыт аралығьнда белгілі үлестермен енгізіледі, ал реакцияның өнімдері одан мерзімді шығарылады. Егер шикізат мерзімді беріп тұратын болса өнім үздіксіз шығарылуы де мумкін. Мұндай реакторлар ауыспалы ережеде болғандықтан жүріп жатқан процестің негізгі параметрлері уақыт бойынша өзгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет