2-билет 1) Су сапасының көрсеткіштері Су сапасының маңызды көрсеткіштеріне жататын физикалық және химиялық сипаттамалары:
- мөлдірлігі
- түсі
- иісі
- дәмі
- температурасы
- жалпы тұз мөлшері
- су кермектілігі
- тотығу шамасы
- құрғақ қалдық
- жалпы сілтілігі
- жүзгін заттардың мөлшері
- су реакциясы (сутек көрсеткіші рН)
- қаттылығы
- жалпы тұзды ұстай білуі
- бейорганикалық қоспалары
- қышқылдылығы
2) Химиялық реакторларды және олардың жұмыс істеу режимдерін жіктеу. Технологиялық үлгінің аппараттарының ішінде химиялық айналдыру
жүретін аппараттарды, яғни негізгі технологиялық операция жүргізілетін
аппараты атап көрсетуге болады. Мұндай аппараттар реакторлар деп
аталады. Сонымен, ішінде масса тасымалдау (диффузиялық) процесі мен
химия технологиялық процестер жүретін аппарат, химиялық реактор деп
атайды.
Xимия реакторларындағы реакцияны қажетті жылдамдықпен жүргізу
үшін реакцияласатын заттардың концентрациясын, температурасын реттеу, гетерогенді фазалардыц жанасу ауданын өзгерту, катализатор активтігін тұрақты күйінде сақтау т. б. әдістер қолданылады.
Xимия реакторларының сыртқы және ішкі құрылысы әр түрлі болады, бір
өндірістің өзінде бірнеше реактор қолданылады.
Реактордың алдындағы аппараттардың негізгі міндеті шикізатты реакцияға дайындау, ал реактордан кейінгі орналасқан аппараттардың
міндеті – реакцияның өнімдерін бөлу, оларды шоғырландыру немесе зиянды қосымшалардан тазарту болып табылады.
Реакторларға қойылатын талаптар: 1) жоғары өнімділік пен қарқындылықты қамтамасыз ету;
2) максималды айналдыру дәрежесімен қамтамасыз етуі;
3) реагенттерді тасымалдау мен араластыруға кететін энергия шығынының төмен болуы;
4) құрылысы жеткілікті түрде қарапайым және бағасы арзан болуы;
5) экзотермиялық реакциялардың жылуы мен эндотермиялық процестерді жүргізу үшін сырттан берілген жылуды түгелдей толық жұмсауы;
6) жұмыс сенімді, мүмкіндігінше толық механикаландырылған және автоматтандырылған болуы қажет.
Реакторлар реагенттерді өндіру және шығару әдістеріне қарай: мерзімді (периодты), үздіксіз және жартылай үздіксіз реакторлар болып бөлінеді.