1) Үтірдің қойылу себептері қандай? Үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөздер, қыстырма сөздер, одағайлар бөлінеді. Бәсе, жә, қош, құп, жарайды, мақұл, дұрыс сияқты сөздер үтірмен бөлінеді. Сөйлемдегі иә, жоқ, мә деген сөздер үтірмен бөлінеді Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қойылады Сөйлемдегі оңашаланған айқындауыш мүшелер үтірмен бөлінеді Сияқты, ретінде, қатар, емес, түгіл деген сөздермен келген және -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары қосылған тізбектер де Қарамастан, қоспағанда, есептегенде деген сөздерге аяқталатын сөз тізбектері үтірмен ажыратылады Үтір құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына қойылады Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі хабарлы сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлігі болса, одан кейін үтір қойылады Бірдей немесе әркелкі тұлғада қайталанып келетін жеке сөздер мен тіркестердің Ол – ол ма, бұл – бұл ма, ол – ол болсын деген тіркестер сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді Бірнеше тіркестен құралған тұрақты тіркестердің арасына үтір қойылады. 2) Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері мен тілдік амал-тәсілдерін айтып бер. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері, тілдік амал-тәсілдері: • лексикалық ерекшеліктері: қарапайым, бейтарап, диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, метонимия, эвфемизм еркін қолданылады; • фонетика-морфологиялық ерекшелік: дыбыстар түсіріліп, сөздер кейде қысқартылып айтылады, оқшау сөздер мен эмоционалды- экспрессивті сөздер қолданылады; • синтаксистік ерекшеліктер: сұраулы, лепті, толымсыз, риторикалық сұраулы сөйлемдер қолданылып, диалогке құрылады. №13 билет