1) Сипаттау, баяндау, пайымдау дегеніміз не? Сипаттауда зат пен құбылыстың негізгі, мәнді белгі- лері айтылады. Баяндауда зат пен құбылыстың өзара байланысы сөз болады. Пайымдауда Құбылыстың болу салдары мен себебі көрсетіледі. 2) Тілдік норма дегеніміз не? Түрлері қандай? Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма орфоэпиялық норма , орфографиялық норма, лексикалық норма, фонетикалық норма, грамма тикалық норма деп бөлінеді.
№4 билет 1) Қазақ тілінде қандай сөздер бірге жазылады 1.Тұлғасы өзгертіліп кіріккен сөздер: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл).
2.Еш, кей, бір, қай, әлде сөз дерімен біріккен есімдік, үстеулер: ешкім, біржола,әлдеқашан.
3.Терминдік мәнге ие болған атаулар:сөзжасам, баспасөз.
4.Екі-үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, өсімдік және т.б. атаулары: қараторғай, бірқазан, алабота.
5.Екінші сыңары аралық,ішілік,тану деген сөздер: халықаралық, мектепішілік, абайтану.
6.Бірінші сыңары шеттілдік; екінші сыңары қазақ сөздерінен тұратын біріккен сөздер: инфрақызыл, фотосурет, автокөлік, аэрошана, агроөнеркәсіп.
7.Екі-үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар: Айнұр, Орынбасар, Екібастұз, Ақсу.
8.Екінші сыңары ұлы, қызы болып келген кісі тегі: Момышұлы, Сұлтанқызы.
9.Салт-дәстүр, кәде,жоралғы атаулары: атұстар, беташар, отқақұяр.
10.Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі -ты (-ті, -ды, -ді) немесе -па (-пе, -ба, -бе) қосымшалы сөзден тұратын бейнелі тіркестер: алып қашпа (сөз), жол соқты (бо лу), қағаз басты (болу), пышақ кесті (тыйылу).
11.Бек, хан, мырза, құл, әлі (әли, ға ли) сияқты сөздермен жасалған есімдер: Аманғали, Орынхан, Әбдуәлі, Құралбек, Рысқұл, Нұрғали