2) Сөзталастың мақсаты, ерекшелігі және мәдениетін түсіндір Сөзталас – қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау.
Мақсаты : Кенеттен туындаған жағдайда қарсыласқа тойтарыс беру. Көбіне әзілі жарасқан ағайын, дос-жаран, көршіқолаң, қызметтестер арасында көрініс береді.
Ерекшелігі : Күтпеген жерден өріс алуы мүмкін. Суырып салып айту, тапқырлық таныту. Қарсыластың осал тұсын дәл табу, әдемі, шебер иіріммен тойтарыс беру.
Мәдениеті : Дөрекілікке бой алдырмау. Уақытында дереу жауап беру. Шымшыма, әзіл сөзді түсіне қабылдау. Мәдениетсіз әрекеттерді (дауыс көтеру, құшақтау, қағып жіберу, көз, қол қимылдарын орынсыз қолдану т.б.) шектеу, әзіл сөзге негізделген сөз орамдарын орынды пайдалану.
№18 билет 1) Ойталқы (диспут) дегеніміз не? Ойталқы – ғылыми немесе қоғамдық мәселені көпшілік алдында талқылайтын пікірталастың түрі. Ойталқы ғылыми диссертациялар қорғау кеңестерінде, белгілі бір салаға байланысты даулы мәселені немесе өнер туындысын талқылау жиындарында жүзеге асырылады.Ойталқы адамның дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізед
2) Қазақ тілінде қандай сөздер бірге жазылады? 1.Тұлғасы өзгертіліп кіріккен сөздер: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл).
2.Еш, кей, бір, қай, әлде сөз дерімен біріккен есімдік, үстеулер: ешкім, біржола,әлдеқашан.
3.Терминдік мәнге ие болған атаулар:сөзжасам, баспасөз.
4.Екі-үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, өсімдік және т.б. атаулары: қараторғай, бірқазан, алабота.
5.Екінші сыңары аралық,ішілік,тану деген сөздер: халықаралық, мектепішілік, абайтану.
6.Бірінші сыңары шеттілдік; екінші сыңары қазақ сөздерінен тұратын біріккен сөздер: инфрақызыл, фотосурет, автокөлік, аэрошана, агроөнеркәсіп.
7.Екі-үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар: Айнұр, Орынбасар, Екібастұз, Ақсу.
8.Екінші сыңары ұлы, қызы болып келген кісі тегі: Момышұлы, Сұлтанқызы.
9.Салт-дәстүр, кәде,жоралғы атаулары: атұстар, беташар, отқақұяр.
10.Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі -ты (-ті, -ды, -ді) немесе -па (-пе, -ба, -бе) қосымшалы сөзден тұратын бейнелі тіркестер: алып қашпа (сөз), жол соқты (бо лу), қағаз басты (болу), пышақ кесті (тыйылу).
11.Бек, хан, мырза, құл, әлі (әли, ға ли) сияқты сөздермен жасалған есімдер: Аманғали, Орынхан, Әбдуәлі, Құралбек, Рысқұл, Нұрғали
№19 билет