Билет Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай?


) Сыни пікірдің қандай нәрселерге айтылады? Мақсаттары қандай?



бет18/18
Дата26.06.2023
өлшемі78,92 Kb.
#103444
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
2) Сыни пікірдің қандай нәрселерге айтылады? Мақсаттары қандай?
Сыни пікір айтылатын нәрселер
Мақсаты Ғылым тарапынан шыққан нәрсе :Ғылым жүйесіне дұрыс-терісін көрсету.
Өнер тарапынан шыққан нәрсе :Мақсатқа сәйкес келген-келмегенін көрсету
Кәсіптен өнген нәрсе :Тіршілікке жайлы-жайсыздығын көрсету
Қоғамшылықпен құралған нәрсе :Адамға қолайлы келу-келмеуін көрсету
29 билет
1) Сөзжасамдық норма дегеніміз не? Мысалмен түсіндір
Сөзжасамдық норма дегеніміз – туынды сөздің тілдің қалыптас- қан заңдылығына, амал-тәсілдеріне сай жасалуы. Мысалы, «семья» ұғымына қатысты жанұя, үйелмен, отбасы сияқты атаулардың ішінен әдеби тіл нормасына тек отбасы атауы ғана тұрақталды. Сөзжасамдық норма сөз тудырушы қосымшалар мен сөздердің тіркесіміне де қатысты. Айталық, тілімізде оқы етістігіне жұрнақ жал- ғану арқылы жасалған оқушы және оқырман сөздері бар. Тілдік қол- даныс барысында мағыналары сұрыпталып, екеуі де әдеби нормаға сай екі ұғымның атауы ретінде қалыптасты. Сол сияқты ұшақ пен тік сөздерінің бірігуінен тікұшақ атауы, бейне сөзіне жазба, таспа сөз- дерін біріктіру нәтижесінде әдеби нормаға сай келетін бейнежазба, бейнетаспа атаулары енді.
2) Айтыстың мақсаты қандай? Неліктен айтысты пікір таластың биік шыңы дейміз?
Айтыскерлер – тыңдаушылардың, қалың қауымның көкейіндегі ойды жеткізуші ел өкілдері. Олардың аузымен қоғамда қалыптасқан пікірлер ашық айтылады. Негізгі түйіні – өмір шындығы.
Айтыстың мақсаты – елдіктің, бірліктің қамын жеу, жақсылықтар мен қол жеткен табыстарды паш ету, кемшіліктер мен олқылықтарды сынап, ескерту жасау. Мұның өзі айтыстың халық қолына қару етіп ұстаған жауынгер жанр екендігін көрсетеді.
30 билет
1) Сотта қолданылатын шешендік сөздер қандай?
Сотта қолданылатын шешендік сөздерді екіге бөліп қарастыру керек: қазақтың ескі әдет-ғұрып заңы бойынша жүргізілген дауларда орын алған шешендік сөздер және біздің дәуіріміздегі сот жұмысында айтылатын айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері. Бұрынғы билікте айыптаушының да, қорғаушының да сөздерінде дәстүрлі модельдер: мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, салыстырулар т.б. басты рөл атқаратын болса, қазіргі сотта айтылмақ ойдың дәлдігі, пікірдің айқындылығы басты орынға шықты. Соттағы шешендік қарсыластармен бетпе-бет өтетіндіктен, ерекше жинақылықты, кез келген сұраққа тез жауап беру үшін қарсы жақтың осал жағын да, мықты жағын да нақты тани білуді, байқағыштықты қажет етеді. Соттағы шешендікте тек барды баяндау емес, даулы, кереғар сауалдар туындатуға қарсыласының пікірін жоққа шығаруға мән беріледі.
Соттағы шешендікке қойылатын талаптар:
•сөздің айқындылығы;
•ойдың жинақылығы;
•логикалық қисынның күштілігі.
2) Ойталқының мақсаты және ойталқыға қатысушылардың міндеттері қандай?
Мақсаты Бағдар берер ой-пікірді ортаға сала отырып, мәселенің ортақ шешімін табу жолдарын қарастыру.
Тақырыптан ауытқымау. Ойын айту барысында уақыт мөлшерін сақтау. Баяндамашының ойын анықтап сұрап, күмәнді тұстарын айқындап алу. Баяндама туралы өз пікірін дәлел, дәйектермен жеткізу. Мәселеге көзқарасын жеке мүдде тұрғысынан емес, қоғам, ғылым-білім, адамдық қажеттіліктер тұрғысынан қарастыру. Әділеттілікке, дұрыс пікірге қолдау көрсету

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет