Билет Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай?


) Шешенге қойылатын негізгі және қосымша талаптарды ата?



бет9/18
Дата26.06.2023
өлшемі78,92 Kb.
#103444
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
2) Шешенге қойылатын негізгі және қосымша талаптарды ата?
Шешенге қойылатын негізгі талаптар: тіл байлығы, сөз қорының молдығы білімділік және сөйлейтін мәселесін анық білу шыншылдық, адамгершілік, турашылдық жинақылық, тапқырлық, жылдамдық
Шешенге қойылатын қосымша талаптар
Шешендік сөздің әсемдігін арттыратын факторларға тек тілдік қасиеті мен сөз мәнері ғана емес, шешеннің көпшілік алдында өзін-өзі ұстау әдебі мен сыртқы келбеті де жатады. Көпшілік алдына шығатын адамның киім киісі, тазалығы, жинақылығы, өзін ұстауы, бет-жүз, дене қимылдарының сөз мазмұнымен үйлесімді болуы да шешен сөзінің мәнін арттырады.
15 билет
1) Жақша. Нүктелі үтірдің қойылу себептері қандай?
Жақша
1. Өзінен бұрынғы сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасын айқындау мақсатында қолданылған түсіндірме мәнді қыстырма сөздер жақшаға алынады
2. Сөздерді түсіндіру үшін берілген аудармасы, синонимі т.б. жақшаға алынып жазылады
3. Дәйексөздің, мысалдың кімдікі екенін, қайдан алынғанын көрсету үшін, кітаптың аты, авторы т.б. жақшаға алынып беріледі
4. Драмалық шығармалардағы ремаркалар (автордың түсіндірмеле- рі) жақшаға алынады
5. Мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының наза- рын аудару үшін, біреуден келтірілген дәйексөздің ішіндегі жеке сөздерге не сөйлемге қойылатын леп, сұрау белгілері жақшаға алынады
6. Келтірілген мысал не дәйексөздің ішіндегі белгілі бір сөздерді не сөйлемдерді санамалап көрсету үшін қойылатын цифрлар (не әріптер) екі жағынан жақшаға алынады
7. Санамаланып айтылған ойды білдіретін сөйлемдерде сан есімнен не алфавит тәртібімен берілген әріптерден соң жақша бір жағынан қойылады да, жақшадан соң көбіне кіші әріппен жазылады
Нүктелі үтір
Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүктелі үтір жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет