Билет Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай?


) Тырнақшаның қойылу себептері қандай?



бет8/18
Дата26.06.2023
өлшемі78,92 Kb.
#103444
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Казак тылы билет

1) Тырнақшаның қойылу себептері қандай?
1. Мәтін ішінде дәйексөз тырнақшаға алынады. Дәйексөз бірнеше азатжолдан құралса, әрқайсысы бөлек-бөлек тырнақшаға алынбайды.
2. Шығарманың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады.
3. Диалог емес төл сөздер тырнақшаға алынады
4. Нысан етіп алынған сөздер не сөз тізбектері, әріптер тырнақшаға алынады
5. Мақал-мәтелдер, афоризмдер сөйлем ішінде келтірілгенде, тырнақшаға алынады
6. Сөйлемде авторы көрсетілмей берілген біреудің сөзі тырнақшаға алынады
7. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшамен жазылады
8. Кекету немесе ауыспалы мағынада қолданылған сөздер тырнақшаға алынады
9. Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы, кино т.б. аттары тырнақшаға алынады
10. Зауыт, фабрика, комбинат, шаруашылық, ұйым, мәшине, ұшақ т.б. аттары тырнақшаға алынады
11. Кейбір ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады
2) Айтыстың мақсаты қандай? Неліктен айтысты пікір таластың биік шыңы дейміз?
Айтыскерлер – тыңдаушылардың, қалың қауымның көкейіндегі ойды жеткізуші ел өкілдері. Олардың аузымен қоғамда қалыптасқан пікірлер ашық айтылады. Негізгі түйіні – өмір шындығы.
Айтыстың мақсаты – елдіктің, бірліктің қамын жеу, жақсылықтар мен қол жеткен табыстарды паш ету, кемшіліктер мен олқылықтарды сынап, ескерту жасау. Мұның өзі айтыстың халық қолына қару етіп ұстаған жауынгер жанр екендігін көрсетеді.
14 билет
1) Тілдік норма және жаңа қолданыстар дегеніміз не?
Тілдік норма – тіл жүйесінің дәстүріне сай тұрақты түрде қалыптасып, қоғамдык қатынастар аркылы орныққан тілдік амал-тәсілдердің жиынтығы, сөз колдану ережелері. Норма – үнемі жетіліп отыратын категория.Лебізде қолданысқа енген кез келген жаңа қолданыс жаңа сөз ретінде танылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет