Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



Pdf көрінісі
бет102/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   135
Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Жоғары оқу орындарына мынадай кеңес беріледі:
• бағдарламаны бекітудің нақты үрдісін бекітіп, бағдарлама сапасы-
ның негізгі көрсеткіштерін анықтау керек;
• бенчмаркинг және сәйкестендіру үшін бағдарламалар мен курстарды 
әзірлеуге өтінімдер үлгісін әзірлеу қажет;
• білім беру бағдарламасының немесе курстың жобасын әзірлеуге, сту-
денттерді қоса алғанда, ішкі және сыртқы қызығушылық танытқан 
тараптарды тарту қажет;
• үнемі жақсартып отыру үшін бағдарламаларды бекіту үрдістерін 
тұрақты тексеріп отыру қажет.
және студенттерді қызықтыра тартудың басқа да тәсілдеріне арала-
суы арқылы қол жеткізуге болады. Бағдарламаларды әзірлеу және 
бекіту үрдістері жетілдіруді қажет ететін салаларды анықтау үшін 
үнемі қайта қаралып отырады деп күтілуде. Бұл – университеттің 
тұрақты түрде ұйымдастырылған жетілдіру бағытын ұстануының 
маңызды көрсеткіші.
Білім беру бағдарламасына жасалатын жыл сайынғы 
мониторинг (БЖМ)
ESG-ге сәйкес, «жоғары оқу орындары өздерінің алға қойған 
мақсаттарына қол жеткізетіндеріне, студенттер мен қоғамның қа-
жеттіліктеріне жауап бере алатындықтарына кепілдік беру үшін 
өздерінің бағдарламаларына мониторинг жүргізіп, мезгіл-мезгіл 
қайта қарап отыруы қажет» (1.9 стандарты)
128
. Университеттің 
ережелері бағдарламаларға жыл сайынғы бақылау (БЖБ) жасау-
дың жүйелі және нақты рәсімдері мен жетекшілік ететін қағидат-
тарын қамтамасыз етуі тиіс.
Мониторинг үрдісі әдетте оқыту, білім беру және бағалау 
тәжірибесі нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететініне көз жеткізу 
128
Standards and Guidelines for Quality Assurance in the European Higher Education Area. (2015). 
Brussels. Belgium. https://enqa.eu/wp-content/uploads/2015/11/ESG_2015.pdf 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
181
үшін тиісті деректерді мұқият және жүйелі түрде талдаудан өткізуге 
негізделген. Мұндай аналитикалық шолулар оқу курсының және/
немесе білім беру бағдарламасының өзгеруіне әкелетін бірқатар 
әрекетті жоспарлауға себеп болуы мүмкін. Циклды аяқтау үшін ен-
гізіле бастаған өзгертулердің тиімділігі БЖБ-дың келесі итерация-
сында бақылауға алынуы қажет (18-суретті қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет