Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген ұсыныс



Pdf көрінісі
бет71/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Жақсы тәжірибеге негізделген ұсыныс
Оқытушыларға студенттердің жасаған жұмыстары бойынша академи-
ялық адалдық туралы негізделген шешімдер қабылдау үшін плагиатты 
тексеру бағдарламалық жасақтамасын қолдануды үйретіңіз. 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
129
• білім алушылардың жұмысын бағалаудың нақты және ақпа-
раттық өлшемдері қарастырылған және олардың курстағы 
бағалау саясатымен байланысы нақты түсіндірілген;
• пайдаланылған бағалау тапсырмалары жүйелі, әртүрлі 
және курстың күрделілік деңгейіне сәйкес келеді;
• курс білім алушыларға уақтылы кері байланыспен бірге 
оқытудағы үлгерімдерін бақылау үшін көптеген мүмкіндік 
береді.
Ақпараттық технологиялар арқылы жақсартылған бағалау
Ақпараттық технологиялар бағалау тәжірибесін және кері бай-
ланысты қамтамасыз етуді бірнеше жолмен жақсарта алады. Олар 
интерактивті (және қайталанатын) қалыптастырушы бағалауды 
қолдану арқылы студенттердің оқу ынтасын арттыра алады, баға-
лауды өткізу уақыты мен орнын таңдаған кезде олардың қолайлы 
болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ бағалаудың шынайылығы мен 
объективтілігін арттыра алады. Сонымен қатар технологиялар си-
муляциялар, электрондық портфельдер және интерактивті ойындар 
арқылы дағдылардың неғұрлым кең ауқымын қалыптастыруға мүм-
кіндік береді. Оларды басқа құралдардың көмегімен бағалау оңай 
емес. Сондай-ақ білім алушылардың электрондық портфельдерді 
пайдалануы арқылы оқытушының кері байланысы бойынша әрекет 
ету және ойлану мүмкіндіктерін кеңейтеді және әлеуметтік желілерді 
пайдалану арқылы оқытудың инновациялық тәсілдеріне қолдау біл-
діреді. Технологиялар сонымен қатар интерактивті онлайн-құрал-
дардың (кликерлер, смартфондар) көмегімен бағалаудың шұғыл 
нәтижелерін бере алады, білім алушыларға үлкен аудиторияларда 
да жекелеген кері байланыс алуға көмектеседі және тапсырмаларды 
жіберіп, бағалау үрдістерін әлдеқайда тиімдірек етеді. Инклюзивті 
білім беру тұрғысынан технологиялар балама форматтар мен баға-
лау құралдарының көмегімен білім алушылардың әртүрлі қажет-
тіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі (JISC, 2010).
Бағалау үдерісінде технологияларды қолдану туралы шешім 
қабылдай отырып, оқытушыларға бұл үрдісті оқыту мүмкіндіктері 
тұрғысынан қарау ұсынылады. Ол мүмкіндіктер технологиялар-
дың тікелей мақсатына қосымша, солардың арқасында студент-
терге қолжетімді болады. Алдыңғы тарауларда бағалаудың оқыту 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
130
нәтижелерімен, оқыту және білім беру әдістерімен үйлестірудің 
маңыздылығы атап өтілді (Biggs, 2003). Тәжірибеден өтіп жүрген 
мамандардың бағалау үшін қолданатын технологиялары да сәй-
кестендіру мақсатына қызмет етуі керек. Осылайша мысал ретін-
де виртуалды оқу ортасына (VLE) негізделген кешенді тестілеу 
арқылы қорытынды бағалау жүргізу студенттердің аналитикалық 
және зерттеу дағдыларын дамытуға, топ құруға, көшбасшы болуға, 
шығармашылыққа, цифрлық дағдылар мен медиа сауаттылыққа 
бағытталған оқыту нәтижелерін бағалау үшін әрдайым қолайлы 
бола бермейді.
Емтихан кезінде студенттерді онлайн бақылауға болатынына 
қарамастан, дәстүрлі емтихандарды онлайн ортада басқару қиын 
болуы мүмкін, сондықтан онлайн бағалаудың балама форматта-
рын қарастырған жөн. Олар мыналарды қамтуы мүмкін:
диссертациялар, есептер, кейс стади немесе эссе;
• топтық жобалар;
• ауызша тұсаукесерлер, сұхбаттар немесе емтихандар 
(Skype, Zoom, Google Meet немесе басқа да осыған ұқсас 
технологияларды қолдану арқылы);
• студенттің бейнематериал немесе подкаст жасауы;
• оқу журналдары, рефлексиялық тәжірибеге тапсырмалар 
беру және/немесе электрондық портфолио;
• компьютерлендірілген қысқаша онлайн тесттер және 
шағын сауалнамалар;
• электронды түрде ұсынылған постер-таныстырылымдар.
Жоғарыда аталған баламалы бағалау әдістерінің көбін пайда-
ланған кезде академиялық адалдықты сақтау мақсатында студент-
тердің жұмыстарын плагиатқа тексеру үшін бағдарламалық қам-
сыздандыруды пайдалану аса үлкен мәнге ие болады.
Сонымен, онлайн ортада барлық студенттермен жасалатын қа-
рым-қатынаста әділ және ешкімді алаламайтындай болу маңызды. 
Бұл студенттердің орындалған тапсырмаларды тапсыру мерзім-
дерін сақтауды (белгілі бір студенттердің оқуда қиындықтарға 
тап болғаны айқын болған жағдайда сәйкесінше оңтайлылықты 
қамтамасыз ету); бағалауды (ғаламторға қолжетімділік нашар бо-
луының немесе технологиялық шектеулердің салдарынан студент-
тер қолайсыз жағдайға тап болған кезде) және курс ресурстарына 
бәріне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуді қамтиды.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет