Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
140
демиялық деңгейлерге қатысты күтілетін үміттерді анықтау үшін
пайдаланылады. Осылайша бакалавриат бағдарламаларында оқу-
дың алғашқы жылдарында білім алуға, оларды түсінуге және қолда-
нуға баса назар аударылады деп күтеміз. Дегенмен студенттер білім
берудің жоғары деңгейіне өткен сайын синтездеу, бағалау және
шығармашылық оқу мақсаттарының маңызды деңгейіне айналады.
Джон Биггс жасаған SOLO жүйелеуі
100
(бақыланатын оқыту
нәтижесінің құрылымы) оқыту нәтижелерін күрделілігіне қарай
жіктеудің балама әдісі болып табылады (12-сурет). Бұл жүйелеу
студенттердің жұмысын оның сапасына және идеялар мен теори-
яларды байланыстыра білу қабілетіне қарай бағалауға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар SOLO жүйелеуі студентке тапсырманың
әлдеқайда ауқымды мазмұны туралы тұжырым жасау қабілетін
бағалауға көмектеседі. SOLO-ны сонымен қатар білім беру бағдар-
ламасындағы оқу нәтижелерінің деңгейін анықтау және курста не-
месе бағдарламада құрылымдық сәйкестікті қамтамасыз ету үшін
де пайдалануға болады.
100
Biggs, J and Tang, C. (2011): Teaching for Quality Learning at University, (McGraw-Hill and Open
University Press, Maidenhead)
Достарыңызбен бөлісу: