Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


-сурет. Биггс таксономиясының бейімделген үлгісі



Pdf көрінісі
бет78/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

12-сурет. Биггс таксономиясының бейімделген үлгісі
Құрылымға 
дейінгі 
Құзыретті 
дамыту 
Күрделілікті 
арттыру 
Идеялар саны, байланыстары және дамуы
Анықта, 
таны
Сипатта, 
біріктір
Талдау жаса, 
салыстыр
Бағала, 
болжам жаса
Моноқұрылымдық
Көпқұрылымдық
Салыстырмалы
Абстрактілі


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
141
Деңгейлік дескрипторлар оқыту нәтижелерін жете зерттеуге 
көмектеседі. Оқу нәтижелері, өз кезегінде, оқу бағдарламасынан 
өтуіне қарай табысты студенттер көрсете алатындай білім-дағды-
лар мен түсінікті қалыптастырады. Оқу нәтижелері әдетте «осы 
курсты аяқтағаннан кейін табысты студенттердің қолынан келеді» 
деген сөйлемнен басталады. Оқу нәтижелерін тұжырымдау маңы-
здылығы жағынан мыналарды қамтиды: (1) белсенді етістік, (2) 
тікелей толықтыру, (3) мәнмәтінді немесе шартты қамтамасыз 
ететін фраза.
Аталғандарды қазақ тіліне бейімдеген кезде реттілік былайша 
өзгереді: (1) мәнмәтінді немесе шартты қамтамасыз ететін фраза, 
(2) тікелей толықтыру, (3) белсенді етістік.
Етістік және тікелей толықтыру әдетте студенттен талап етілетін 
қасиеттерді және/ немесе қатынастарды білдіреді, ал мәнмәтін 
немесе шарт талап етілетін дербестік дәрежесін және жағдайдың 
күрделілігін көрсетеді (9-кесте). Оқыту нәтижелері барлық мүдделі 
тараптар түсінетіндей нақты және қарапайым түрде көрсетілуі ке-
рек. Оқыту нәтижесін тұжырымдауда курстың толық мазмұнын 
(атап айтқанда, білімді) көрсету мүмкін емес. Курстың мазмұны 
курстың дескрипторында егжей-тегжейлі сипатталуы қажет.
Оқыту нәтижелерінің деңгейін және олардың мәнмәтінін ай-
қындау ұлттық біліктілік шеңберінде (мысалы «Қорытынды пәндік 
көрсеткіштерді сипаттау», Ұлыбританияның сапаны қамтамасыз ету 
жөніндегі агенттігі, 2019
101
) немесе арнайы аккредиттеу агенттік-
терінде нақты тұжырымдалуы мүмкін. Мысалы бакалавриат деңгей-
101
https://www.qaa.ac.uk/quality-code/subject-benchmark-statements


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет