Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



Pdf көрінісі
бет98/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   135
Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Әрбір университетке өзінің институционалдық миссиясы мен стратегиясына 
үйлесетін және ESG қағидаттарына сәйкес келетін өзіндік СҚА жүйесін әзір-
леу ұсынылады. Сапаны үнемі жақсартып отыру жоспарланған үрдістердің 
негізінде жүзеге асуы керек. Бюрократияның мүмкіндігінше ең төменгі дең-
гейге дейін азайтылғанына көз жеткізу үшін СҚА-дың ағымдағы үрдістеріне 
шолу жасаңыз.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
175
Білім беру бағдарламасын бекіту
Білім беру бағдарламасын бекіту үрдісі сапа жүйесінің атқа-
ратын жұмыс тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Бұл үрдіс 
берілген академиялық дәрежеге сәйкес келетін, жақсы ойласты-
рылған бағдарламаны жасап шығаруға әкелуі керек. «Жоғары оқу 
орындарында өздерінің бағдарламаларын әзірлеп, бекітумен ай-
налысатын өзіндік үрдістері болуы тиіс» (ESG 1.2 cтандарты)
127

Ең маңыздысы, бағдарламаны бекіту үрдісінің дәйекті, келісілген, 
жүйелі, ашық, қатысушы және барлық мүдделі тараптар үшін қы-
зықты әрі түсінікті болуы тиіс.
Бағдарламаны бекіту рәсімдері барлық бағдарламалардың уни-
верситеттің ішкі стандарттары мен саясатына, сондай-ақ сыртқы 
стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ететіндей етіп әзірленуі 
тиіс. Төмендегі кестеде бағдарламаларды әзірлеу сапасын бағалау 
кезінде қолдануға болатын, пайдаланылуы мүмкін құжаттарға мы-
сал келтіріледі (12-кесте).
127
Standards and Guidelines for Quality Assurance in the European Higher Education Area. (2015). 
Brussels. Belgium. https://enqa.eu/wp-content/uploads/2015/11/ESG_2015.pdf
Ішкі құжаттар 
Сыртқы құжаттар 
1. Университеттің стратегиясы
миссиясы;
2. Университет түлегінің атрибуттары;
3. Мектептің/факультеттің стратегиясы 
мен талаптары;
4. Университеттің бағдарламаны бекіту 
үрдісіне қатысты саясаты;
5. Баға қою және оқыту бойынша 
стратегиялар мен саясат;
6. Сапаға қойылатын басқа да ішкі 
талаптар (мысалы қабылдау (түсіну), 
үлгерім, оқытудың аяқталуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет