№29-30 практикалық сабақ тақырыбы: Шағын комплекті мектептердегі сабақ жоспарлары
Сабақтың мақсаты; ШКМде сабақ жоспарларын құрып үйрету
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар; ШКМда сабақ қалай жүргізіледі?
ШКМда сабақ жоспары қалай құрылады?
Сабақ жоспарын құру
Әдістемелік нұсқаулықтар;Шағын комплекті мектептердегі сабақ өткізу ерекшеліктерін білетін болады. Сабақ барысында кездесетін қиыйншылықтарға мән береді. Оны шешу жолдарын қарастырады. Шағын комплекті мектептерге сай сабақ жоспарларын құрады.
Өткізу формасы; «Сұрақ ілмегі» Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.
Бағалау критерийлері;
90-100
Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
70-89
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
0-49
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.