Әдебиеттер: 7,16,17,18
№27-28 практикалық сабақ тақырыбы: Шағын комплекті мектептер
Сабақтың мақсаты; ШКМ жайлы түсінік қалыптастыру
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;
ШКМ дегеніміз не?
ШКМның кәдімгі мектептен айырмашылығы
Шағын комплекті мектептер жайлы презентация қорғау
Әдістемелік нұсқаулықтар; Студенттер шағын комплекті мектептердің не екенін біледі. Олардың үлкен мектептеден айырмашылығын көретін болады. Екім мектепті салыстырып презентация жасайды.
Өткізу формасы; «Шахмат» әдісі (Саймон Браунхилл бойынша)
Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы студенттер бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.
Бағалау критерийлері;
90-100
|
Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
|
70-89
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
|
50-69
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
|
0-49
|
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.
|
Достарыңызбен бөлісу: |