Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет52/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Дүниетану Силлабус

Әдебиеттер: 3,11,16,19
8. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған нұсқаулықтар мен материалдар:

Орындау мерзімі

СОӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны

Бақылау түрлері

Сағат саны

Әдебиеттер тізімі

1 апта

Тақырыбы: Дүниетану пәнін қазіргі кездегі оқытудағы проблемалар

Жұптық жұмыс



2

4,3,9

2 апта

Тақырыбы:
Дүниетану пәнін оқытудағы жергілікті жер материалдарын пайдаланудың маңызы, оны сабақта пайдалану мүмкіндіктері



Постер қорғау

2

4,1,10

3 апта

Тақырыбы: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың жолдары



Презентация

2

4,7,11

4 апта

Тақырыбы: Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары

Тренинг



2

4,2,9

5 апта

Тақырыбы: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдары

Презентация

2

4,12,15

6 апта

Тақырыбы: Дүниетану пәнінің оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін қалыптастырудағы ролі



Реферат

2

4,8,13




7 апта

Тақырыбы: Эстетикалық тәрбие берудегі дүниетану пәнінің мүмкіндіктері

Дебат, пікірталас

2

4,5,17

8 апта

Тақырыбы: Дүниетану пәнінің басқа пәндермен байланысы, оның маңызы



Семантикалық карта

2

4,6,16

9 апта

Тақырыбы: Кіші комплектілі мектептерде оқушылардың білімін тексеру жолдары



Реферат

2

4,3,9

10 апта

Тақырыбы: Дүниетану пәнінің санитарлы-гигиеналық тәрбие берудегі ролі



Баяндама

2

4,7,13

11 апта

Тақырыбы: Табиғатқа топсеруен өткізу, оның тәрбиелік мәні

Т кестесі

2

4,3,17

12 апта

Тақырыбы: Дүниетану пәнін оқытуда ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.



Презентация

2

4,8,15

13 апта

Тақырыбы: Оқушылардың бақылау жұмысын ұйымдастыру, олардың маңызы



ассоциациа

2

4,10,15

14 апта

Тақырыбы: Тәжірибе қою, оны бақылау, қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру жолдары



Блум таксономиясы

2

4,13,17

15 апта

Тақырыбы: Халықтық педагогика элементтерін сабақта қолдану әдістемесі.

Блум түймедағы

2

4,12,13










30




Студенттердің өзіндік жұмысы(СӨЖ)



Орындау мерзімі

СӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны

Бақылау түрлері

Сағат саны

Әдебиеттер

1 апта

Тақырыбы: Бастауыш мектепте табиғаттануды оқыту әдістемесінің даму тарихы.



Тірек кесте

6

4,3,9

2 апта

Тақырыбы: Оқу-әдістемелік кешендер мен қосымша әдебиетті талдау.



Қысқаша педагогикалық сөздік



6

4,1,10

3 апта

Тақырыбы: Тақырыптық жоспар жасау



Презентация



6

4,7,11

4 апта

Тақырыбы: Жылдық жоспар жасау

Презентация



6

4,2,9

5 апта

Тақырыбы: Оқыту әдістерін дүниетану сабақтарында қолдану.



Топтастыру



6

4,12,15

6 апта

Тақырыбы: Дүниетану сабақтарында педагогикалық технологияларды пайдалану ерекшеліктері

Құндылық сызығы

6

4,8,13




7 апта

Тақырыбы: Оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері



Концептуалды таблица



6

4,5,17

8 апта

Тақырыбы: Бағалау түрлері



Баяндама

6

4,6,16

9 апта

Тақырыбы: «Туризм» тақырыбыеа қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру



Сұрақ дайындау

6

4,3,9

10 апта

Тақырыбы: Сабақтарда қолданылатын технологиялар

Реферат

6

4,7,13

11 апта

Тақырыбы: Кері байланыс түрлері

пікірталас

6

4,3,17

12 апта

Тақырыбы: «Мен және менің отбасым» тақырыбыеа қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру

Тірек- конспект

6

4,8,15

13 апта

Тақырыбы: «Мерекелер» тақырыбыеа қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру

Дебат, пікірталас

6

4,10,15

14 апта

Тақырыбы: «Жергілікті жерде бағдарлау» тақырыбыеа қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру



Тірек кесте

6

4,13,17

15 апта

Тақырыбы: «Қазақстан тарихында ғы маңызды оқиғалар» тақырыбыеа қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру



Презентация

6

4,12,13










85




Тапсырмаларды бағалау критерийі
1. Презентацияны және баяндаманы бағалау критерийі



Критерийі

Көрсеткіштері

баллы

1

Құрылым

  • слайдтардың саны сөйлеудің мазмұны мен ұзақтығына сәйкес келеді (7 минуттық сөйлеу үшін 10 слайдтан артық емес пайдалану ұсынылады);

  • слайдтың тақырыбы және қорытындысына арналған беттің болуы

30

2

Көрнекілік

  • айқын кескінмен жасалған жақсы сапалы иллюстрациялар, мәтінді оқуға жеңіл;

  • ақпаратты көрнекілік құралдары қолданылады (кестелер, диаграммалар, графиктер және т. б.)

10

3

Дизайн және өңдеу

– слайдтардың дизайны тақырыпқа сәйкес келеді, мазмұны қабылдауға кедергі келтірмейді, презентацияның барлық слайдтары үшін бірдей дизайн үлгісі қолданылады

10

4

Мазмұны

  • презентация зерттеудің негізгі кезеңдерін (проблема, мақсат, гипотеза, жұмыс барысы, қорытындылар, ресурстар)көрсетеді;

  • жұмыс тақырыбы бойынша толық, түсінікті ақпаратты қамтиды;

  • орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық

30

5

Қорғауға қойылатын талаптар

  • баяндамашы мазмұнды еркін меңгерген, материалды анық және сауатты баяндайды;

  • баяндамашы аудиторияның сұрақтары мен ескертулеріне еркін және дұрыс жауап береді

  • баяндамашы уақыт (қорғау) шеңберіне дәл сәйкес келеді (7 минут)

20




Максималды балл

100 балл

2. Рефератты бағалау критерийі





Критерийі

Көрсеткіштері

баллы

1

Рефератқа таңдалған тақырыптың жаңалығы

- мәселе мен тақырыптың өзектілігі;
- мәселені шешудегі жаңалық пен тәуелсіздік, талдау үшін таңдалған мәселенің жаңа аспектісін тұжырымдау;
- авторлық ұстанымның болуы, пайымдаулардың дербестігі.

20

2

Мәселенің мәнін ашу дәрежесі

- жоспардың реферат тақырыбына сәйкестігі;
- мазмұнның реферат тақырыбы мен жоспарына сәйкестігі;
- мәселенің негізгі ұғымдарын ашудың толықтығы мен тереңдігі;
- материалмен жұмыс істеу әдістері мен әдістерінің негізділігі;
- әдебиетпен жұмыс істей білу, материалды жүйелеу және құрылымдау;
- қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды жалпылау, салыстыру, негізгі ережелер мен тұжырымдарды дәлелдеу мүмкіндігі.

30

3

Дереккөздерді таңдаудың негізділігі

- мәселе бойынша әдеби дереккөздерді қолдану ауқымы, толықтығы;
- мәселе бойынша жаңа жұмыстарды қолдану (журнал басылымдары, ғылыми еңбектер жинақтарының материалдары және т.б.).

20

4

Ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау

- пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелерді дұрыс ресімдеу;
- сауаттылық пен таныстыру мәдениеті;
- терминологияны және проблеманың тұжырымдамалық аппаратын меңгеру;
- реферат көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы;
- тіркеу мәдениеті: абзацтарды белгілеу.

15

5

Сауаттылық

- орфографиялық және синтаксистік қателіктердің, стилистикалық қателіктердің болмауы;
- жалпы қабылданғандардан басқа, терулердің, сөздердің қысқартуларының болмауы;
- әдеби стиль.

15




Максималды балл

100 балл



9. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)

1-7 апта аралығындағы рубеждік бақылау өткізуге арналған сұрақтар:


1. Тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастырудың мақсаты
2. Бөлме өсімдіктерін ата
3. Тірі табиғат мүйісінде өсімдіктерге күтім жасаудың мәні
4. Өсімдіктерді зерттегенде қандай тәжірибе жүргізуге болады?
5. Өсімдіктерді зерттегенде оларға тән физиологиялық құбылыстарды білу қажет пе?
6. Оқушылардың білімін тексеру үшін қандай әдістер қолданылады?
7. Бағалау дегеніміз не?
8. Оқушылардың білімін бағалауда қандай талаптар қойылады?
9. Есепке алу дегеніміз не?
10. Үлгерімді есепке алуда қандай мәселелерді басшылыққа алған жөн?
11. Көрнекілік әдіс дегеніміз не?
12. Көрнекілік құралдарын дайындау және пайдаланудың маңызы қандай?
13. Дүниетанудан қандай көрнекі құралдар түрлерін пайдалануға болады?
14. Көрнекілік құралдарын қолданғанда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет пе?
15. Табиғи көрнекі құралдарға нелер жатады?
16. Оқушылар табиғи көрнекі құраладарды қайдан алады?
17. Көрнекі құраладардың қандай түрлерін оқушылардың өздері жасауға болады?
18. Оқыту құралдары дегеніміз не?
19. Көрнекілік құралдарын қолданудың тиімділігі қандай?
20. Дүниетану сабағында қандай көрнекі құралдарды пайдалануға болады?
21. Бастауыш сыныптарда көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі неде?
22. Қолдан жасалатын көрнекі құралдарға нелер жатады?
23. Қолдан жасалатын көрнекі құралдардың қай түрлерін балалардың өздері жасауға болады?
24. Көрнекі құралдарды қолданғанда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру керек пе?
25. «Дүниетану» пәніне арналған әдістемелік құралдарға талдау жасау.
26. Дүниетану пәнін оқытудағы жергілікті жер материалдарын пайдаланудың маңызы мен оны сабақта пайдалану мүмкіндіктері қандай?
27. Дүниетану сабақтарында өлкетану материалдарын пайдалану жолдары қандай?
28. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жолдарын ата?
29. Тірі табиғат бұрышы, аквариумның тірі табиғат бірлестігі ретінде ролін көрсет?
30. Тірі табиғат бұрышының маңызы

8-15 апта аралығындағы рубеждік бақылау өткізуге арналған сұрақтар:


1. Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары қандай?
2. Дүниетану пәнінің оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін қалыптастырудағы ролі
3. Дүниетаным қабілеті туралы түсінік бер?
4. 1-сыныптың стандарты мен оқулығын талдау
5. 2-сыныптың стандарты мен оқулығын талдау
6. 3-сыныптың стандарты мен оқулығын талдау
7. 4-сыныптың стандарты мен оқулығын талдау
8. «Айналадағы дүниені бақылау күнтізбесі» бойынша 1-сыныпта бір аптаға, бір айға бақылау нәтижелерін жазу
9. «Айналадағы дүниені бақылау күнтізбесі» бойынша 2-сыныпта бір аптаға, бір айға бақылау нәтижелерін жазу
10. «Айналадағы дүниені бақылау күнтізбесі» бойынша 3-сыныпта бір жылдық қорытынды шығару және оны өткен жылдың қорытындысымен салыстыру қалай жүргізіледі?
11. «Айналадағы дүниені бақылау күнтізбесі» бойынша 4-сыныпта бақылау тапсырмаларының тізімін көктем, жаз мезгілдеріне шығару қалай жүргізіледі?
12. 1-2-сыныптарда экологиялық жүйелердің байланасын құру
13. 1-2-сыныптарда топсаяхаттардың сабақ жоспарын құру
14. Практикалық жұмыстар бойынша сабақ жоспарын қалай құруға болады?
15. Топсаяхаттардан сабақ жоспарын қалай құруға болады?
16. Оқушылардың білімін қалай тексеруге болады?
17. Шағын комплектілі мектепте дүниетану сабақтарын өткізудің ерекшілігі неде?
18. Дүниетануда көрнекі құралдарды қалай пайдаланады?
19. Шағын комплектілі мектепте экскурсиялар қалай өткізіледі?
20. Шағын комплектілі мектепте бақылаулар қалай ұйымдастырылады?
21. Дүниетанудан сабақ беруде оқу құралдары мен оқытудың көрнекі құралдарының алатын орны қандай?
22. Табиғаттану сабақтарында көрнекі құралдарының қандай түрлері қолданылады?
23. Өлкетану мүйісінде қандай объектілер мен құралдарды пайдалануға болады?
24. Географиялық алаңда қандай бақылаулар мен сарамандық жұмыстар ұйымдастыруға болады?
25. Дүниетану сабақтарында ойынның қандай маңызы бар?
26. Дүниетану сабақтарында ойындар мен қызықты материалдарды қалай жақсы ұйымдастырып пайдалануға болады?
27. Дүниетану сабақтарының қай кезеңінде ойындармен қызықты материалдарды пайдалануға болады?
28. Дүниетану сабақтарында қойылатын талаптар қандай?
29. Бастауыш сыныптарда кездесетін сабақтардың түрлері қандай?
30. Аралас сабақтың кезеңдерін атаңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет