Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Абайдың Крыловтан аударған мысалдары



бет31/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

Абайдың Крыловтан аударған мысалдары.

Қарға мен түлкі – Абайдың 1898 жылы И.А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Мысал көлемі түпнұсқада 26, аудармада 47 жол. Ақын мысал мазмұның толық сақтап, буын санын азайтып, жыр үлгісімен тәржімелеген.
Мысалдың алғашқы жолдарындағы айтылар ойдың түп қазығын қазақ оқырмандарына ұғымды етіп, оп-оңай жеткізеді. Түпнұсқада қошеметшілердің жылпостығы, айла-амалы әлемге аян бола тұрса да, олардың қашанда жол тауып, сан соқтырып кететіндігі айтылады.
Сәл ғана өзгерістер болмаса, аудармадағы ой өзегі де осы. Абай орыс ақынында жоқ “күледі”, “өкіну” сөздерін енгізу арқылы мысалдың негізгі ойын айқындай түскен. Түпнұсқада ірімшік тауып алған қарға таңертеңгі асы жеуге қамданды десе, аудармада қарғаның “қарны аштығы” айтылады. “Бір жеп алып, шүкірлік қылайын деп аллаға” деген ұғынықты жолдарды ақын өз жанынан қосқан. Ал түлкінің қарғаны алдап түсіру мақсатымен айтқан қошемет сөздері Абай аудармасында мүлдем құлпырып кеткен. Абайдың тәржімелеуіндегі
“өзіне біткен өңешін
Аямастан қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті,
Қу кетті, іс бітт”- деген жолдар өлең аудармасының классикалық үлгісі болып табылады.
Қарға мен бүркіт. 1898 жылы И. А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Көлемі 41 жол. Аудармада түпнұсқа мазмұны толық сақталған. Бүркіт қия бетте жайылып жатқан қойларға сорғалап келіп түседі де, бір қозыны іліп алып жөнеледі. Мұны көрген балапан қарға “қап, тырнақты былғап ілген соң, жілігі татитын ірісін, семізін ілмей ме, Бүркіттер те аздаған екен” деп мықтымсыйды. Қандайын, қалай ілу керек екенің мен көрсетейін деп, өзі жалп етіп барып, қошқарға қонады. Бірақ көтеріп әкетпек түгіл, оның жабағы жүніне ілінген тырнағын ажырата алмай қолды болады. Қойшылар ұстап алып, құйрығын кесіп құнтитып, қанатын кесіп шұнтитып, балаларға ойынға береді. Мысалда қарға сияқты шамасын білмей пәлеге шатылатындар “әлін білмес әлектер” әшкерленген. Мысал арқылы “Азат басың болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл” деген кесінмен тұжырымдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет