Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет32/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

Шегіртке мен құмырсқа. Абайдың 1898 жылы И. А. Крыловтан аударған мысал-өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады, көлемі 36 жол. Мысалда бүгінің ғана ойлайтын,ертеңнің қамын қылмайтын, “түстік өмірің болса, кештік мал жи” дейтін халыө нақылын ескермейтің, еңбекке икемсіз, қымыз бен қызық қуып, әуейлікке салынған есерлер шегіртке бейнесінде мазақталған

  1. Абайдың аудармашылық мектебі жайлы қорытынды.

Абай аудармаларының және бір үздік ерекшелігі - қандай аудармашы болсын, өз тіліндегі көркемдік, құндылығын, құлаққа қонымды, көңілге жағымдылығын қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы, әрі оны қазақша етіп шығара білуі. Бұл - аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып, оны оригиналмен салыстырсақ, сөзі, мазмұны дұрыс болғанымен, оригиналдың өзін оқығандағы әсерді аудармадан ала алмайсың. Және оқығанда-ақ аударма екендігі көрініп тұрады. 
Абай аудармаларында ол жоқ. Дәл, бұлжытпай аударды деген өлеңдердің өзін алсақ та, қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады. Оригиналмен салыстырсақ, дәл оқысақ, өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерде айырма жоқ. Міне, аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де, бұл күнге шейін үлгілігі де осында. 
Абай аудармаларының бұл тәрізді үздік болуының, бізше, үш түрлі себебі бар:
1) өзінің үлкен таланттылығы;
2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы;
3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы. 
Пушкин, Лермонтов, Крыловтар - ұлы таланттар. Олар тәрізді ақындардың өлеңдерін аударушы да талантты ақын болуы керек. Кез келген ақынның оларды ойдағыдай етіп аудару қолдарынан келе бермейді. 
Абайдан кейінгі қазақ ақындарының, не оның алдындағы Алтынсариндердің аударғандары Абай аудармасынан әлдеқайда олқы жатуы, орыс тілін Абайдан аз білетіндігінде емес, ақындық дарындарының жетпейтіндігінде. 
Әрине орыс тілін жақсы білмесе, жеке талант та өз бетімен аударма жөнінде ештеңеге арзымайды. Және тілді білу бар да, оның әдемілік қасиетін ұғыну бар. Екеуі бір-бірімен байланысты. Бірақ бір емес. Тіл білген адамның бәрі бірдей әрбір сөз, әрбір образдың әдемілік қасиетін түсіне бермейді. Тілдегі сөз образдарының ой тербетіп, жан сүйсіндіретін әсерін сезіну тіл білген адамның бәрінің қолынан келе бермейді. Ол үшін аударушы ақынның өзінде сол тілді жай жақсы білу, түсінумен қатар, әдемілік қасиет күшін ұғып, түсіне білерлік ақындық жан, үлкен талант болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет