Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс



бет44/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Дәрістер

4. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс. 1920-30 жылдардың мұғдарында Абай есімі белгілі бір топтар мен таптардың мүддесіне байланысты талас туғызды. Большевизмнің солақай идеологтары Абайдан мүлде безу керек десе, ұлы ақынның тарихи орнын дұрыс түсінген, бірақ таптық көзқарас салдарынан шындық тізгінін бұра тартқандар да болды. Қазақтың Абайы қайдағы бір феодализмнің, буржуазияның ақыны солардың идеологиялық көсемі аталып, өз халқына қарсы қойылды.
Осындай ұлы дүрмектің зардабынан Абайдың ақындығы, ойшылдығы, өз кезіндегі қоғамдық өмірге қатысы, бүкіл адамзаттық игіліктер деңгейіндегі орны деген мәселелер шаң қауып, қалыс қалып отырды. Оның орнына Абайдың байға немесе кедейге, батысқа немес шығысқа, тіпті әйелге қатысы, реализмі немесе романтизмі деген өресіз тартыс пен уақыт өтті. Мұндай сарындар кезінде орыс әдебиетіндегі А.С.Пушкин мұрасына байланысты да белең алғаны белгілі.
Әлбетте, «Алмас кездік қын түбінде жатпайды» дегендей ақиқат жолы да ашыла берді. Бұл тұрғыда М.Әуезовтың «Абай ақындығының айналасы» және Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебетінің классигі» деген еңбектерінен ескен жаңа леп байсалды ғылыми зерттеулердің басталғанын паш етті. Осылайша, Абайтану ғылымы тар жол, тайғақ кешулерден қинала, қансырай өтіп, ғылыми таным пәні ретінде тынысын кеңейте берді.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Қалижанов У. Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы.– Алматы: Әлем әдебиеті, 2013. – 500 б.

  2. Ердембеков Б. Абайтану: Оқу құралы.– Астана: Фолиант, 2012. – 432 б.

  3. Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 б.

  4. Молдаханов А. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2011. – 192 б.

  5. Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 9 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2011. – 384 б.

15 Лекция


ТАҚЫРЫП: Абайтану ілімінің даму кезеңдері



  1. Отызыншы жылдарда туа бастаған зерттеулер.

Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30- жылдары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым, Мұхтар Әуезовтың зерттеулері абайтану тарихында ерекше орында тұрды. 
Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай басылым көрген Абайдың тұнғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмірбаянының қоса жариялануы М.Әуезовтың абайтану саласының негізін қалаған тарихи еңбегі ретінде қабылданды. Абай мұрасы жайында М. Әуезовтың «Абай» журналы мен «Шолпан» журналында жарияланған зерттеулік мақалалары мен «Әдебиет тарихы» кітабында ендігі жерде Абай мұрасын зерттеумен айналысу қажеттігі жайындағы ескерме пікірмен-ақ сол кезеңде Абай мұрасының бірегей білгірі деген пікір қоғамдық ойда қалыптасып қалған еді. Әсіресе, М. Әуезовтың ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы «Абай ақындығының айналасы» деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналында жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделі проблемалардың өзекті желісін тартқан еңбек болып шықты.
М. Әуезовтің 30 шы жылдардағы ізденістері Абайды танудың ғылыми дәрежесін көтеруде абайтануға қосылған елеулі үлес ретінде де ерекшеленетін орны бар туындылар деп бағаланды.
Абай өмірбаянын жазумен ұзақ жылдар бойы айналысумен бірге Абай мұрасының текстологиялық жағына да айрықша назар аударып, ақын шығармаларының текстологиясы жөніндегі ізденістерінің мол көрініс берген кезеңі, әсіресе, 1933 жылғы Абайдың тұңғыш толық жинағында анық байқалды. Бұрынды соңды Абай басылымдарында ұшыраспайтын көптеген өлеңдер мен өлең жолдары тыңнан қосылып отырылды.
Отызыншы жылдар басында-ақ М. Әуезов Абайдың әдеби ортасы деген күрделі мәселеге ерекше назар аудара бастады әрі осы тақырып абайтану тарихында мейлінше айтыс тартыс тудырған ең күрделі мәселеге айналып кетті. Өйткені бұл проблема тек Абайдың әдеби ортасын ғана қамтып қоймай, Абайдың әдеби мектебі, Абайдың ақын шәкірттері, Абайдың ақындық дәстүрі немесе Абай тұсындағы ақындар деп аталатын түйіні бір, бірақ тармақтары сан тарау мәселелерді қамтыды. 
Абайтанудың негізін қалаған М.Әуезовтің ұлы ақын мұрасы жолындағы орасан зор ғылымдық творчестволық ізденістерімен қатар басқа ғалымдар да айтарлықтай бұл салада елеулі үлестерін қосып жатты. Әдебиеттен алғаш рет проф. Қажым Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғауы абайтану саласында елеулі еңбек болды. Абайтанудың М. Әуезов дәуірінде С. Мұқанов, М. С. Сильченко, К. Бейсембиев, К. Мұхаметханов, Ә. Жиреншин, З. Ахметов, Полибина, М. Фетисов т.б. абайтанудың әр түрлі саласынан ғылыми монографияларын жариялап үлгерді. Абайтанудың ғылыми зерттеу жұмыстарының бәрі де сол тұстағы кеңестік жүйенің таптық идеологиясы қойған тегеуірінді талабының шеңберінен шыға алмады. Осы себепті зерттеу жұмыстарының дені Абай мен орыс әдебиетінің қарым-қатынасы туралы мәселеге арналған тақырыптарға қарай ойысуы уақыт пен заман талабы болатын-ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет