Білім беру бағдарламасы «6В02201 Тарих» Құрастырған: оқытушы, магистр Айбекова Гульфия Юсуповна



бет2/25
Дата27.02.2023
өлшемі1,16 Mb.
#70314
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиетi, этнология, археология, саясаттану, мәдениеттану, жалпы тарих, халықаралық қатынастар тарихы.
Постреквизиттер: Оқу курсы аяқталғаннан кейiн студенттер осы курсты толықтай меңгерiп, мұражай қорларымен жұмыстану, археологиялық ескерткіштер уақытын анықтау, тарихи материалдарды топтастыру, оқиғаларды өз бетiнше зерттеу, саралау, салыстыру, зерделеу қабiлетiне ие болады.
2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары: Айбекова Гульфия Юсуповна
87018502572
aibekova_gulfiya@mail.ru


3 Курстың саясаты:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет