Өлшеу құралдарынбіріктіру – деп қателікті анықтау үшін (шаманы шама мен, өлшеу аспапты өлшеу аспаппен) эталондық немесе үлгілі өлшеу құралдар мен сол түрдегі өлшеу құралдарын салыстыруды орындау кезіндегі әртүрлі тексеруді айтады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі түсініктердің анықтамасын келтірейік.
Сынау – деп заттың өзіңнің техникалық шамашарттармен, өлшемі мен және нормативтік техникалық құжаттардың талап сипаттамалармен затқа сайкес келетінін тоқтату мақсаты мен жасалатын экспериментальдік операцияларының жиынтығын айтады. Заттың типін анықтау үшін жіргізілетін сынауды қабылдау сынау деп атайды. Заттың алдында бекітілген тіпін анықтау үшін бақылау сынау жүргізіледі. Өлшеу құралдар және оған қатысты заты да сынауға ұшырайды.
Өлшеу құралды тексеруі өлшеу құралдың метрологиялық дұрыстығын бақылау және оның метрологиялық нақты мәнін анықтау болып табылады.
Метрологиялық дұрыстық деп өлшеу құралдардың метрологиялық сипаттамасы белгіленген талаптарға сай келетін жағдайды айтады. Мемлекеттік немесе ведомствалық қызметінің тексеру жүргізуіне байланысты өлшеу құралдарын мемлекеттік және ведомствалық тексеру деп айырады.
Мемлекеттік тексеруіне мемлекеттік аспап жүйесінің құрамына кіретін өлшеу құралдар жатады.
Өлшеу құралдарды өндірістен немесе жөндеуден шығару кезінде жүргізілетін тексерісті алғашқы тексеру деп атайды.
Өлшеу құралдарды қолдану немесе сақтау кезінде белгілі уақыт интервалдан кейін жүргізілетін тексерісті мезгілдік деп атайды.
Тексерудің құрамды элементтері әдіс, құрал және операция болып табылады.
Тексеру әдіс деп тексеруді жүргізу ережелер мен тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
Тексеру құралдар – деп тексерілетін аспаптардың метрологиялық сипаттамасын бақылау үшін арналған техникалық құралдарды (аспап, аппаратура, құрылғылар) айтады.
Тексеру операциясы – деп жеке дербес тексеру этабының нәтижесінде, тексерілетін аспаптардың метрологиялық сипаттамасының нақты мәнін анықтайтын операцияны айтады.
Өлшеу құралдарын метрологиялық бақылаудың келесі түрі – метрологиялық аттестациясы. Ол құралдардың өзінің міндетіне сайкестігін анықтау мақсаты мен жүргізілетін экспериментальдік операциялардың (зерттеулердің) жиынтығы болып табылады. Аттестацияның негізінде ресми құжат беріледі.