СӨЖ үшін тапсырмалар: Радиоактивті заттарды медициналық тәжірибеде қолдануға мысалдар келтіріңіз. Бұл заттардың жартылай ыдырау кезеңі қандай? Олар ағзадан неше уақытта шығады?
№3 cабақ
Ерітінділер: құрамы және коллигативтік қасиеттері.
Биологиялық жүйелердегі осмостық құбылыстар
Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:
концентрация түрлерін есептеуге және ерітінді құрамын өрнектеу тәсілдерін түрлендіре білуге
электриттер мен бейэлектрит ерітінділерінің коллигативті қасиеттерін сандық түрде сипаттай білуге
мысал арқылы тірі ағзадағы осмостың рөлін (тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз, биологиялық сұйықтықтардың осмолярлығы және осмоляльдігі) көрсете білуге;
медициналық-биологиялық зерттеулерде еріген заттың молярлық массасын анықтау үшін криометрия, эбуллиометрия және осмометрия әдістерін қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге;
ерітіндідегі электролиттің диссоциация дәрежесін және изотондық коэффициентін оның коллигативті қасиеттеріне сүйене отырып есептеуге.
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Мырзакожа Д.А. Химия бойынша нұсқаулық. Оқулық. -Алматы, «Medet group», 2021. - 199-208,223-237 б.
2. https://elib.kz/ru/search/read_book/688/ Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2020.- 3 тақырып
Қосымша:
3. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 62-72;240-254; 269-295 б.
4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Карлова Э.К., Батырбаева А.А.Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия [Мәтін]:Есептер мен жаттығулар жинағы / - Алматы: Эверо, 2013.-49-91 б.
Электрондық ресурстар:
Химия кафедрасының дәрістері. https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber
Достарыңызбен бөлісу: |