Биологиялық жүйелердегі осмостың атқаратын ролі. Онкотикалық қысым. Изотонды ерітінділер дегеніміз не? Медицинада қолданылатын қан плазмасына изотонды ерітінділерге мысал келтіріңіз.
Гипер- және гипотонды ерітінділер. Медициналық тәжірибеде гипертонды ерітінділерді қолдануға неге негізделген? Жасушаны гипо- және гипертонды ерітіндіге батырғанда қандай құбылыстар байқалады? Тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз дегеніміз не?
Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттерінің ерекшеліктері. Изотонды коэффициенттік физикалық мәнін және есептелу жолын түсіндіріңіз.
Криоскопия, эбуллиоскопия, осмометрия. Осмолярлық, осмоляльдік дегеніміз не? Оларды есептеу жолдарын түсіндіріңіз.
Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, ауызша сұрау, жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі: Баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар (оқытушының қалауы бойынша): Асқазан сөлінің қышқылдығы төмен болғанда HCl-дың массалық үлесі 8 % -дық сұйылтылған тұз қышқылын қолданады. Осы ерітіндідегі HCl-дың және судың мольдік үлесін есептеңіз.
Молярлық концентрациясы және көлемі белгілі келесі ерітінділерде еріген зат массасы (г) қандай: а) 200 мл 0,3 М глюкоза ерітіндісінде; б) 400 мл 0,15 н NaCl ерітіндісінде.
HCl массалық үлесі 38%-ға тең ерітіндідегі тұз қышқылының молярлық концентрациясын есептеңіз (ρ = 1,19 г/мл).
Глюкозаның 5%-дық ерітіндісі (М(С6Н12О6)=180 г/моль) ағзада сұйықтықтың орнын толтыруға және жеңіл сіңетін көмірсу ретінде қолданылады. Глюкозаның массалық үлесі 5%-ға тең ерітіндідегі молярлық және моляльдік концентрациясын есептеңіз (ρер-ді=1,02 г/мл).
Этанолдың массалық үлесі 47%-ға тең сулы ерітіндісінің молярлығын, моляльдігін есептеңіз. Ерітінді тығыздығы 0,92 г/мл. Берілген ерітіндідегі спирт пен судың молярлық үлестері нешеге тең?
*Калий хлоридінің суда еруі өздігінен жүреді ме, егер температура 25оС, ΔHo = 17,2 кДж/моль; ΔSo = 75,7 Дж/(моль.К) болса?
37оС-та, құрамында 1,34 г еріген зат бар дезоксирибозаның 0,1 л сулы ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз. Бұл ерітінді осмостық қысымы келесі ерітінділермен салыстырғанда қандай болады(гипо-, гипер- немесе изотонды): а) 780 кПа (қан, жоғарғы шегі); б) 730 кПа (қан, төменгі шегі); в) 258 кПа.
65оС-та 45,05 г суда 34,23 г қантты құрайтын ерітіндінің бетіндегі еріткіштің бу қысымын есептеңіз, егер берілген температурада су буының қысымы 2,5∙104 Па-ға тең болса.
Қан плазмасы –0,59оС-та қата бастайды. Плазманың осмоляльдігі қандай және 37оС-та оның осмостық қысымы қандай? (Тығыздықты 1 г/мл-ге тең деп есептеңіз).
Массалық үлесі 0,9% натрий хлориді ерітіндісі қан плазмасына изотонды. Осы ерітіндінің тығыздығы 1,005 г/мл. Ерітіндідегі натрий хлоридінің изотондық коэффициентін және диссоциациялану дәрежесін есептеңіз. Қанның осмостық қысымын 745 кПа-ға тең деп санаңыз.
Қан плазмасының осмостық қысымы қалыпты жағдайда 740–780 кПа құрайды. 310 К температурадағы қан плазмасының осмомолярлығын есептеңіз.
*Сахароза ерітіндісіне а) су; б) несепнәр қосса, оның қату температурасы қалай өзгереді? Дәлелдеу арқылы түсіндіріңіз.
*Молярлық концентрациясы бірдей екі ерітінді бар – несепнәрдің және кальций хлоридінің. Температура бірдей болған жағдайда осы екі ерітіндінің қайсысында осмостық қысым жоғары болады? Дәлелдеу арқылы түсіндіріңіз.
Мұз –5оС-та ері үшін оның әрбір килограмына қосу үшін қажет болатын натрий хлоридінің массасын есептеңіз. Бұл ерітіндідегі тұздың диссоциациялану дәрежесі 90% құрайды.
*1 л суда 9 г натрий хлориді (М = 58,5 г/моль) және 1 г глюкоза ерітілген. Осы ерітіндінің осмоляльдігін есептеңіз.
Егер 300 К температурада сулы ерітіндінің осмостық қысымы 43,59 кПа құрайтын болса, осы ерітіндідегі дихлорсірке қышқылының электролиттік диссоциациялану дәрежесі нешеге тең болады? С(СНCl2СООН) = 0,01 моль/л.