Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет6/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
ОСӨЖ үшін тапсырмалар:
Адам ағзасында этанол екі сатыда тотығады: ацетальдегидке дейін (ΔН01= -256 кДж/моль), сонан соң сірке қышқылына дейін (ΔН02= -237 кДж/моль):
С2Н5ОН → СН3СОН → СН3СООН. Этанолдың сірке қышқылына дейін тотығу реакциясының жылу эффектісін есептеңіз.

  1. Келтірілген реакциялар үшін термодинамикалық параметрлерді есептеңіз:

(а) Несепнәрдің гидролиз реакциясы энтальпиясының стандартты мәнін есептеңіз CO(NH2)2 (ер-ді) + H2O (с) = СО2 (ер-ді) + 2NH3 (ер-ді) ; бұл реакция экзотермиялық болып табылады ма?

Зат және оның күйі

ΔНo, 298,15
кДж/моль

СО(NH2)2(ер-ді)

-319,2

NH3(ер-ді)

-79,9

СO2(ер-ді)

-413,6

H2O (с)

-285,8

(б) CaO + H2O → Ca(OH)2, реакциясы берілген. Кестедегі мәндерді пайдалана отырып берілген реакцияның Гиббс стандартты энергиясының мәнін есептеңіз. Бұл реакция өздігінен жүреді ме?



Зат

Δ Hoтүз., 298,15
кДж/моль

So, 298,15
Дж/(моль К)

CaO

-635,5

39,7

H2O

-285,84

70,0

Ca(OH)2

-968,2

83,4

  1. Реакцияның стандартты энтальпиясы мен энтропиясы сәйкес 283 кДж/моль және 288 Дж/( моль∙К) деп есептеп, 50оС-та трипсиннің денатурациясы реакциясының стандартты Гиббс энергиясын есептеңіз. Энтальпиялық және энтропиялық факторлардың үлесін бағалаңыз. Бұл реакция өздігінен жүреді ме?

  2. 2NО(г) + Cl2(г) ↔ 2NОCl(г) Берілген үшмолекулалық реакцияның жылдамдығы неше есе артады, егер: (а) қысымды 3 есе арттырса; (б) көлемді 2 есе кемітсе?

  3. Адам денсаулығы үшін қауіпті тұман – "түтінді тұман", – түзілу себебі ауаның жоғары ылғалдылығы кезінде көліктерде пайдаланылған газдардың көп мөлшерде бөлінуі деп саналады. Түтінді тұманда улы азот диоксиді бар, ол азот оксидінің атомарлы оттегімен реакциясы арқылы алынады. Осы реакцияның жылдамдығын есептеңіз, егер реакция басталғаннан соң 5 минут өткенде азот диоксидінің концентрациясы 0,05 моль/л, ал 20 минуттан кейін 0,08 моль/л болса? Жауабы: 3,3·10 –5 моль/л с.

  4. Қандай да бір бірінші ретті реакцияның жартылай айналу кезеңі 30 минутқа тең. Бір сағаттан соң бастапқы заттың қандай бөлігі қалады?

  5. Температураны 30 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы қалай өзгереді? Еру жылдамдығының температуралық коэффициенті 2,8-ге тең.

  6. Видеодәрістерді қарау

https://youtu.be/Oti3DEdTBb8?si=1kBDW3Cb9HNyvwFV
және сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарға жауап беру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет