Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет83/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93
Оқу мақсаты: 5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктері не сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Тапсырма: Шетелде демалғанды жақсы көретін отандастарыңыз үшін Қазақстандағы жаңа демалыс орталығы туралы хабарландыру мәтінін жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқу мақсаты: 9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Тапсырма: Әйгілі саяхатшының сапары туралы бейнелеуіш құралдарды тиімді қолдана отырып «Ғажайып мекен» атты әңгіме жазыңыз.

3-сабақ



Тапсырма.
1-қадам. Сызбаны негізге алып, тезис жазыңыз;
2-қадам. Оқушыларға тезис жазу тапсырмасын әзірлеңіз.
Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут. Топта ой бөлісу уақыты: 2 минут. Кері байланыс: 2 минут
Қазақ тілі, 9-сынып.
Бөлім: «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Синтаксис»
Оқу мақсаты: 9.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.


2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.
2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін.
Нұр Әлемнің өзі жас инвесторлар стартап-жобалар әзірлеуге, ғылыми өнертабыстарды зерттеуге және бизнес-идеяларын жүзеге асыруға болатын технологиялық инновацияның эпицентрінде орналасқан.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді.

4-сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет