Бөлім: Ұрпақ тәрбиесі. М. Шаханов "Нарынқұм зауалы«(поэмасы)
Оқу мақсаты: 7.2.2.1 эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Көтерген мәселесі
|
Автордың көзқарасы
|
Кейіпкерлер
іс-әрекеті
|
Көркемдік ерекшелігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-қадам. Көркем шығарманы талдау үшін «Автор ізімен талдау» әдісін жекелеген оқушылардың ойлау әрекеттерінің деңгейіне жетуін көрсететін нақты іс-әрекеттерді жоспарлаңыз.
Нарынқұл зауалы
Тапсырма. 1-қадам. Берілген үзіндіні оқыңыз. Әлеуметтік-қоғамдық мәселені көтеретін жағдаятты жазыңыз. Көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыз. Әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіріңіз.
Бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... С. Мұратбеков "Жусан иісі"
Оқу мақсаты: 6.2.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
2-қадам. Проблемалық жағдаят арқылы оқушылардың дербес ойлауына ықпал ететін талдау жолын ұсыныңыз. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, тапсырма әзірлеңіз.
Жағдаят
|
Проблемалық сұрақтар
|
Көркем туындыда көтерілген проблема
|
Көтерілген мәселенің идеясын түсіндіру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінен үзінді
Келесі күні қораның төбесіне жиналғанымызда көпшілігіміз үйден қағаз бен темекі ұрлап алып шыққан екенбіз. Енді бір-бір шылым орап,темекіні жарыса тартатын болдық. Темекі тартып отырып тыңдағанда Аянның ертегісі де әлдеқайда қызық сияқты көрінді. Бір күндері
кейбіреулеріміздің үйіміз темекі ұрлап жүргенімізді біліп қойып, енді аналарымыз темекіні қиындау жерге тығатын болды. Бірақ біз бұған да амалтауып кеттік.
–Осы анау, мақау Тұрдағұл ылғи, жылқының кепкен тезегін шылымғып тартып жүреді ғой, десіп, біз де енді, күндізден қалтамызға жылқының кепкен тезегін жинап салып жүрдік. Сөйтіп, Аянның ертегісін тыңдаған кезде, кейбіріміз ішіне жылқы тезегі салынған ешкі сирақ темекіні бұрқырата сорушы едік.
Ғажап ертегілер еді... Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз – алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді. Өмірімізде қос ауыз мылтықтан өзге ештеңені көрмесек те жарқ-жұрқ еткен көк семсер тұрғанда зеңбірек, пулемет дегендер айтар сөзге, көңілге олқы түсіп, ойыншық сияқты боп қалатын. Өйткені Аянның ертегілеріндегі батырлар сілтеген көк семсерге қызығып иланатынымыз сонша, оны қару біткеннің құдайы көретінбіз.
– Ух, шіркін, сондай семсерім боп мен де соғысқа барсам, фашистерді тура бауша қияр едім, – деп тістенетін Есікбай.
– Ал мен бар ғой тек бастарынан ғана шабар едім, – дейтін Садық арман еткендей даусын соза сөйлеп, құшырланып. – Көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп келе жатқанымда, алдымнан көкем шыға келсе... Ой, керемет болар еді-ау, ә?
Мұнан әрі ағаларымызды тауып алуды әрқайсымыз өзімізше сөз етіп, тәтті арманға шоматынбыз...
Достарыңызбен бөлісу: |