1-тапсырма Ұсынылған тапсырмаларды талдап, оларды әзірлеуде қандай оқыту және оқу әдістері қолданылғанын анықтаңыз.
Сіз тапсырманы жақсарту үшін қандай ұсыныстар берер едіңіз?
Ұсынылған тапсырмаларға өзгертулер немесе толықтырулар енгізіңіз:
а) оқуға ынтасы жоғары оқушылар үшін;
ә) оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін.
Топтар арасында жұмыстың нәтижелерін талқылау.
А)
ОМ 8.4.1.3 демографиялық жағдайын талдап, демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас және жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрамы
Тапсырма Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттерін анықтаңыз: туу және өлім, табиғи өсім коэффициенттері.
Ел
Жыл
Халықтың орташа жылдық саны
Бір жыл ішіндегі туу көрсеткіші
Бір жыл ішіндегі өлім көрсеткіші
Қазақстан
2020
18 631 100
425 600
133 000
Ресей
2020
146 700 000
1 481 074
1 798 307
Қазақстан және Ресей халықтарының табиғи қозғалысының коэффициенттерін салыстырыңыз.
Қазақстан және Ресей халықтарының табиғи қозғалысындағы айырмашылықтарға қандай факторлар әсер етеді?