III. Қосымша сұрақтар: Балалардың әр түрлі ауытқушылығына сәйкес оқу материалын бейімдеу.
Инклюзивті сыныпта оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру. Құзыреттілік және іс-әрекеттік ұстанымдарын пайдалану.
IV. Студенттердің тақырып бойынша өз бетінше орындайтын жұмыстары: Инклюзивті сыныпта оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары мен бағыттары: барлық оқушылар сәттілікке жете алады, әр баланың өзіндік игеру стилі бар, нәтижелі іс-әрекеттің топтық және жеке формаларына қосу арқылы баланың белсенділігін арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастыру.
V. Бағалау. VI. Тақырып бойынша пайдаланылган әдебиеттер: 1.Искакова А.Т., Мовкебаева З.А.,Закаева Г., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А.
Основы инклюзивного образования: Учебное пособие.-Алматы:L-Pride62013-280c.
2.Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С.Инклюзивное образование.Учебное пособие для ВУЗОВ.- Алматы, 2013.–200 с.
3. Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. Методические рекомендации по подготовке педагогов к внедрению инклюзивного образования.-Алматы, 2013.-165с.
№9 Практикалық сабақ жоспары
Тақырыбы: Әдістемелер, технологиялар, бағыттар: дамыта оқыту, тұлғалық-бағдарлық оқыту, рефлексивті оқыту, нәтижелі технологиялар.
Мақсаты:Инклюзивті практиканы жүзеге асырушы жалпы білім беретін мектептің білімдік ортасын ұйымдастыру ерекшелігін айқындау.
Мазмұны: Білім беру мекемесінде инклюзивті кеңістікті қалыптастыруың алғы шарттары.
Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім алуды қажетсінетін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің әдісі мен тәсілдері.
I. Талқыланатын сұрақтар: Педагогикалық үдерісте ерекше қажеттілігі бар балаларды кешенді сүйемелдеуді ұйымдастыру жолдары.
Жалпы білім беретін мектепте оқуға ерекше білімдік қажеттілігі бар бабалар мен ата-аналарын психологиялық даярлау мәселесі.