Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4


КМ 0.3-4 «Жемшөптерді өсіру және жайылымдардан тиімді пайдала-



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#9648
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

КМ 0.3-4 «Жемшөптерді өсіру және жайылымдардан тиімді пайдала-
ну» 
Мақсаты 
Жемшөпті өсіру және жайылымдарды тиімді пайдалану туралы кешендік 
білімдер  алу.
Модульге енгізу
Білім алушылар жерді зерттеу, жерді жырту және өңдеу, жемшөпті өсіру, 
күту,  жинау  және  сақтау  орындарына  тасымалдау,  сондай-ақ  сатуға  тұты-
нушыларға жеткізу іс-шаралары  мен салалық технологияларын тікелей мо-
дульде зерделейді және бағалайды. Осы модуль жазатайым оқиғаларды бол-
дырмау бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесін сақтап, 
топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды енгізу, өсімдіктерді қорғау, өнімді жинау, 
тасымалдау және сақтау үшін, механикаландырылған агрегаттарды, аспалы 
және тіркемелі құралдарды, автомобильдерді, тракторлар мен комбайндарды  
пайдалану бойынша тақырыптарды қамтиды.

72
Оңтайлы  өсу  жағдайларын  жасау  үшін,  топырақта  болып  жатқан  негіз-
гі биологиялық және физиологиялық процестер бойынша, жемшөптер және 
олар  үшін  зиянды  ағзалар,  сондай-ақ  тыңайтқыштарды  енгізу  жолымен 
өнімділікті  және  сапаны  арттыру  бойынша,  өсімдіктерді  күту  және  қорғау 
бойынша  іс-шаралар,  жинау  және  сақтау  технологиялары  туралы  білімдер 
алу қажет.  Бұл ретте, бірінші кезекте жемшөптердің сақтандығын және қайта 
өңдеу өнеркәсібінің талаптарына сәйкес келетін пайдалы және жоғары сапа-
лы шикізатты өндіруді қамтамасыз ету тұр. 
Кәсіпорынды табысты дамыту үшін, өндірістік процестерді және кәсіпо-
рынның  экономикасы  және  оны  ұйымдастыру,  орындалған  жұмыстар  мен 
көрсетілген қызметтерді есепке алу, қызмет нәтижелерін бақылау, сондай-ақ 
өндірістік  жоспарлау  сияқты  салаларында  өзара  байланысты  ұғыну  маңы-
зды.  Модульдің  мазмұнына  негізгі  сауда  –коммерциялық  және  калькуляци-
ялық аспектілер, құнын ұғыну енгізілді. Дәл есептер ғана кәсіпорынның қа-
ражатын  пайдалану  бойынша  смета  жасау  табысқа  не  шығынға  жету  үшін 
шешуші болып табылады деп ұғынуға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп, 
операциялық есептер, кірістілік есебі базалық білімдер береді және өндірістік 
деректерді есепке алуды және бағалауды орындау үшін, сондай-ақ ауылша-
руашылық кәсіпорындарында операцияларды есепке алу үшін машықтарын 
қалыптастырады. Деректерді электрондық өңдеуді қолданумен есептеу үшін, 
жемшөп өсімдіктерді өсіру қызметінің саласынан алынған, белгілі мысалдар 
пайдаланылады.
Осы модуль білім алушыларға өндірістік оқытуда және кәсіптік практикада 
машықтарын, дағдылары мен кәсіптік құзыреттерін қалыптастыру жолымен 
алынған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.  
Оқыту нәтижелері: 
ОН1 Егіс жемшөп өндірісінің негіздерін білу;
ОН2 Жемшөп өсімдіктерді егу технологияларын игеру;
ОН3 Өңірлік жағдайлардың есебімен жайылым жерлерді жақсарту амалда-
рын игеру;
ОН4 Жайылым жерлерді басқару және өнімдерді сақтау технологияларын 
пайдалану
ОН5 Жемшөп өнімді сатуды ұйымдастыруда маркетингтің ролін ұғыну. 
      
Модульдің мазмұны
1.  Егіс жемшөп өндірісінің негіздерін білу  
Табиғи жемшөп жайылымдарды жіктеу, түгендеу және төлқұжаттандыру.  
Шабындықтар  мен  жайылымдар  өсімдіктерінің  фитоценозы,  өзгерістердің 
ішкі және сыртқы себептері.  Табиғи жемшөп жайылымдарды беткі және тү-
бегейлі өзгерту жүйесі 
Шабындықтар мен жайылымдардың негізгі өсімдіктері. Орналастыру фак-
торлары: өңірдің су режимі,  климаттық жағдайлары, топырағы және орнала-
су деңгейі. Шабынды, көп жылдарғы бұршақты, бір жылғы шөптердің мор-
фологиялық белгілері бойынша, химиялық құрамы бойынша, вегетациялық 
кезеңі бойынша қысқаша сипаттамасы.   Шөптердің салыстырмалы өнімділігі 
және жемшөп құндылығы. Егіс айналымындағы орны. Ұсынылған егіс айна-
лымдарының схемалары. Егіс айналымдарындағы тыңайтқыштардың жүйесі. 

73
Топырақтың  құнарлығын  сақтау  жән  егістіктің  қайтарымдылығын  арттыру 
жағдайлары. 
Биологиялық  әртүрлілік  туралы  тұжырымдама  (БӘТ).  Табиғи  экожүйе-
лердің, агроэкожүйелердің, микробтық әлемінң биоәртүрлілігі.  Биологиялық 
әртүрліліктің негізгі беталысы және әлсіреу себептері. Өңір аумағында биоло-
гиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау басымдықтары мен шаралары.  
2.   Жемшөп өсімдіктерді егу технологияларын игеру
Жайылымдарды пайдалану бағыттары мен қарқындылығы. Көк жемшөп. 
Шөптердің  құнарлығына  және  жайылымдардың  шемшөп  құндылығына 
әсер етуші факторлар. Негізгі зиянды өсімдіктер. Жайылымдардың өнімділі-
гін белгілеу.  
Топырақты  өңдеу  және  тәсілдері,  мерзімдері,  ауылшаруашылық  агрегат-
тары мен машиналары бойынша оның ерекшеліктері. Жұмыстарды орындау 
тәртібі. 
Жемшөп  егіс  шаруашылығы:  сұрыптары,  дәндер,  шөп  топтарын  іріктеу. 
Іріктеудің  сипатты  ерекшеліктері:  түрдің  өмірге  төзімділігі,  түрдің  бәсе-
келестік  белсенділігі,  күтіп-баптаудың  қарқынды  факторларына  төзімділі-
гі,  түрдің  созылымдылығы,  нысаналы  маңызына  жарамдылығы  (жайылым, 
шабу). Шөп топтарын есептеу. Егістіктерді күту: Егіс айналымындағы орны,  
сумен тыңайтқыштағы тұтынушылығы.  Өнімділікті салыстыру.
  Өңірдің  жемшөп  өсімдіктерін  күтіп-баптау  агротехникасы.  Машина-
ларға техникалық қызмет көрсету ережесі. Тозатын бөлшектерді профилак-
тикалық ауыстыру, майлау жұмыстарын жүргізу жоспары, маусымдық кезең-
де машиналардың сынуымен байланысты шығыстарды бағалау. Кәсіпорын-
да техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізуді жоспарлау. 
Агротехникамен жұмыс істеген кезде еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі.
3.  Өңірлік  жағдайлардың  есебімен  жайылым  жерлерді  жақсарту 
амалдарын игеру 
Өңір  топырағының  құрылымы.  Қуаттанудың  биологяилық  ерекшеліктері 
және оның ішіндегі қоректік заттардың балансын талдау. Табиғи шабындылар 
мен жайылымдарды жақсарту бойынша амалдар: қашада немесе мөлшерлеп 
бағу, өсімдіктердің әртүрлі даму фазаларында шөп шабу,  пішендерді жақсар-
ту. Әзірленген тыңайтқыштарды енгізу жүйесінің экономикалық тиімділігін 
белгілеу.  
Жайылымдарды беткі және түбегейлі жақсарту. Жайылымдарды ағымдағы 
күту жүйесі. Желінбеген қалдықтарды шабу. Тыңайтқыштарды енгізу: агро-
химиялық қызметтердің деректерінде негізделген, тыңайтқыштардың норма-
ларын енгізу жүйелерінің экономикалық тиімділігі және тыңайтқыштардың 
қолайлы мөлшерлерін есептеу әдістері. Малдың нәжістерін тегістеу. Мине-
ралдық және органикалық тыңайтқыштар. Табиғи көк тыңайтқыштар: сиде-
раттық дақылдарды таңдау ережесі және және оларды топыраққа салу тәсіл-
дері. 
 Қортышқан үйінділерін, төмпешіктерді тегістеу; арамшөптермен күресу; 
кейін қайта шалғындандырумен нашар пішендері бар қашаларды қайта жы-
рту. Қарды ұстау, саңылаулау, шабылмаған жолақтарды немесе биік орылған 
егістікті қалдыру, қосымша егу, жаюды демалумен немесе шөп шабумен ке-

74
зектесу;  қашаны  жөндеу,  қонысты  жабдықтау  ж.т.б.  жолымен  топырақта 
ылғалды жинақтау.   
   Жайылымдарды  ұлттық  құқықтық  реттеу,  «Жайылымдар  туралы»  ҚР 
заңы.  Өңірде жайылым ресурстарды тұрақты басқарудың қазастандық мо-
делін енгізу. Қазақстанда табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану бойынша 
GIZ өңірлік бағдарламаның маңызы.  
Органикадық, минералдық және химиялық тыңайтқыштармен жұмыс істе-
ген кезде еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
4.  Жайылым жерлерді басқару және өнімдерді сақтау технологияла-
рын пайдалану 
Мемлекеттік-жеке серіктестіктің шеңберінде жайылымдарды көп деңгейлі 
басқару. Астықты жинау бойынша ұсынымдар. Екі рет өршітуден кейін жай-
ылымдардағы шөпті шабу. Зиянкестер: көртышқандар, тышқандар, ұзын-си-
рақ масаның құрттары. Зиянкестерге қарсы күрес бойынша шаралар. Далада 
шабылған шөптің болу және құрғақ заттары шығынының арасындағы өзара 
байланыс. Силос жасау процесіндегі шығындар.  Сүрленген шөптің сапасы 
мен құрғақ заттар, энергия және ақуыз шығынының арасындағы өзара бай-
ланыс. Жемшөптер сапасының төмендеу себептері және оларды бағалау әді-
стері. Санитариялық-гигиениалық қадағалау. Үлгілерді іріктеп алу және зерт-
ханалық әдіспен  зерттеу, МЕМСТ әртүрлі жемшөп құралдарымен салысты-
ру. Қатты жемшөпті қоректік заттарды, жемшөп астықты, құрамдастырылған 
жемшөпті,  ұнтақты  жемшөптерден,  жом  мен  күнжараны  жоғалтудан  және 
шығынынан сақтау ережесі. Астық шикізатты жерде сақтау. Сақтайтын орын-
дарды жабдықтау. Запастарды бағалау. Құжаттама жүргізу.  Құқықтық реттеу. 
Ветеринариялық  препараттарды,  жемшөп  пен  жемшөп  қоспаларын  өндіру, 
сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветери-
нариялық-санитариялық) 
талаптар
 (Қазақстан Республикасының Ауыл шару-
ашылық министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығы).
Азық тетіктерімен жұмыс істеген кезде еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік 
техникасы.
5.  Жемшөп өнімді сатуды ұйымдастыруда маркетингтің ролін ұғыну
Нарықты зерттеу, нысаналы топтар. Маркетингтің мақсаттары мен міндет-
тері.  Маркетингтің  тұжырымдамасы.  Маркетингтік  саясаттың  құралдарын 
біріктіру: баға саясаты, коммуникациялық саясата, сату саласындағы саясат. 
Құқықтық  талаптар.  Сауда  тізбегінің  буындары.  Сату  құралдары:  жарнама, 
өнімді өткізу және сату жолдары, баға белгілеу және шарт нысанының мазмұ-
нын  белгілеу,  тауарды  рәсімдеу,  клиентке  сервистік  қызмет  көрсету.  Сатып 
алумен сөйлесудің негізі ретінде коммуникациялық моделі: әңгіме құру және 
оның барысы, ерекше жағдайларда өзін ұстай білу машығы, жеке адамның 
сату табысына әсері. Сату әдебінің негізгі қағидасы: көндіру емес көзін жет-
кізу.

75
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту нәти-
желері, осы 
модульді та-
бысты аяқта-
удан кейін, 
білім алушы:
Бағалау өлшемдері
Білім алушы:
ОН1 Егіс 
жемшөп 
өндірісінің 
негіздерін 
біледі;
1.1 
Өңірдің  метрологиялық  қызметтерінің  деректерімен  жұмыс 
істеуге;
1.2 
Жемшөп өсімдіктерінің сыныптамаларын білуге;
1.3 
Шабындық, көп жылғы бұршақты және бір жылғы шөптердің 
ботаникалық айырмашылықтарын білуге;
1.4 
Экологиялық  факторларды,  экологиялық  балансты,  биогео-
химиялық  циклдарды,    биологиялық  және  ландшафттық  әртүрлілігі 
сақталуының маңыздылығын түсіндурге;
1.5 
Биологиялық  және  ландшафттық  әртүрлілікті  сақтауға  қаты-
сты нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді білуге және назарға 
алуға;
1.6 
Ферма шаруашылығы үшін жемшөптер өндірісінің негізгі фак-
торларын түсіндіруге;
1.7 
Егіс айналымының қажеттілігін сипаттауға;
1.8 
Экологиялық  факторларды,  егіс  айналымының  қағидаларын 
және нарықтағы ахуалды есепке алатын жайылымдарды тиімді пайда-
лану бойынша  ұсыныстарды даярлауға;
1.9 
Ферма шаруашылығы жайылымының экожүйесін талдауды да-
ярлауға;  қауіпсіздік  техниканы  және  өндірістік  санитария  ережесін 
сақтауға. 
ОН2 Жемшөп 
өсімдіктерді 
егу техноло-
гияларын иге-
реді;
2.1 
Шөп қоспаларын егу ерекшеліктерін білуге; 
2.2 
Шабындық пен жайылымды пайдалану ұзақтығы мен қарқын-
дылығының арасындағы, шабудың сапасы мен санының арасындағы 
өзара байланысты түсіндіруге; 
2.3 
Жемшөп өсімдіктерінің өсу процестерін және тіршілік проце-
стерінің кезеңдерін түсіндіруге;
2.4 
Шөп қоспаларының әр түрінің өсу процесінің эксперименттері 
мен зерттеулерін жүргізуге;
2.5 
Эксперименттік қызметтің қорытындыларын рәсімдеуге; 
2.6 
Бағалаудың сандық және сапалық өлшемдерінің есебімен шөп 
қоспаларының таңдау туралы шешім қабылдауға;
2.7 
Топырақты өңдейтін және егетін агрегаттары жұмысының қағи-
дасын түсіндіруге және шаруашылық үшін оларды таңдауды негіздеу-
ге;
2.8 
Жемшөп өсімдіктерді орығызған кезде қауіпсіздік техника және 
өндірістік  санитария,  электр  қауіпсіздігі,  өрт  қауіпсіздігі  ережелерін 
сақтауға.
ОН3 Өңірлік 
жағдайлардың 
есебімен жай-
ылым жер-
лерді жақсар-
ту амалдарын 
игереді;
3.1 
Шаруашылық топырағына зерттеу жүргізуге;
3.2 
Жайылым  өсімдіктердің  қоректік  заттарының  қажетті  тұты-
нуын белгілеуге;
3.3 
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды айыруға; 
3.4 
Экономикалық өлшемдерге, топырақ пен жемшөптердің  қажет-
тіліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың типтерін таңдап алуға;

76
ОН3 Өңірлік 
жағдайлардың 
есебімен жай-
ылым жер-
лерді жақсар-
ту амалдарын 
игереді;
3.5 
Экологиялық тұрғыда таза тыңайтқышты қолдануды негіздеуге;
3.6 
тыңайтқыштардың топыраққа, жер асты суларға және   атмос-
фераға әсерін сипаттауға;
3.7 
Әртүрлі тыңайтқыштардың арасалмағын талдауға және сандық 
есептер жүргізуге;
3.8 
Тыңайтқыштарды енгізу үшін, машиналардың типтерін дәлдігі 
және өнімділігі бойынша таңдап алуға;
3.9 
Тыңайтқыштарды енгізу түрлері мен мерзімдерін түсіндіруге;
3.10  Жұмыстарды орындауға шығындардың есебін жүргізуге;
3.11   Жемшөптерді өсірудің биологиялық, экономикалы, құқықтық 
және экологиялық салдарын сипаттауға;
3.12    Жайылым  жерлер  аумағы  құрылысының  бизнес-жоспарын 
олардың қазіргі заманғы жай-күйін зерделеу және пайдалану негізінде 
дайындауға. 
ОН4 Жай-
ылым жер-
лерді басқару 
және өнім-
дерді сақтау 
технологияла-
рын пайдала-
нады
 
4.1.  Нормативтік құқықтық актілерді және жемшөптерді сақтау ере-
желерін білуге;
4.2.  Жайылым  ресурстарын  тұрақты  басқарудың  қазастандық  мо-
делін енгізу тәжірибесін зерделеуге; 
4.3.  Қазіргі заманғы жемшөпті сақтау әдістері мен тәсілдерін зерде-
леуге;
4.4.  Әртүрлі нұсқамаларды бағалау үшін экономикалық салыстыру 
схемаларын әзірлеуге;
4.5.  Жайылымдарды басқару қателерінің салдарын талдауға; 
4.6.  Жайылым  өндірісінің  нәтижелерін  белгілеуге  және  құжаттан-
дыруға;
4.7.  Жемшөптің запастарын қолдау әдістері туралы шешім қабыл-
дауға әсер ететін агрономиялық, экологиялық және экономикалық қа-
жеттіліктерді сипаттауға;
4.8.  Жемшөп  қоятын  жерге  техникалық,  технологиялық,  пайдала-
нушылық және экономикалық талаптарды түсіндіруге;
4.9.  Қабылданған құжаттамаға сәйкес жемшөпті қабылдауға, орна-
ластыруға және қоймада сақтауға;
4.10.  Қоймада қызмет көрсетудің физикалық, химиялық және биоло-
гиялық процестерін қолдануға;
4.11.  Жемшөптердің үлгілерін зертханалық зерттеулер үшін іріктеу-
ге;
4.12.  Жемшөптерді  сақтаған  кезде  зиянкестерді  айқындауға  және 
олармен күрес жүргізуге; 
4.13.  Жемшөптердің нашарлау себептерін жою бойынша қажетті ша-
раларды негіздеуге;
4.14.  Жемшөптердің  жай-күйінің  негізгі  көрсеткіштеріне  монито-
ринг жүргізуге және нәтижелерін салыстыруға;
4.15.  Қоймада  жеткіліксіз  техникалық  қызмет  көрсетудің  салдарын 
талдауға және түсіндіруге; 
4.16.  Сақтайтын жерге қызмет көрсету бойынша құжаттаманың не-
гізінде бухгалтерлік есептің маңызы мен қағидаларын түсіндіруге;
4.17.  Сақтайтын жерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техника ере-
жесін сақтауға.

77
ОН5 Жемшөп 
өнімді сатуды 
ұйымдасты-
руда марке-
тингтің ролін 
ұғынады
5.1.  Маркетингтік құралдар туралы базалық білімдері болуға;
5.2.  Нарықты зерделеуге және талдау дайындауға; 
5.3.  Жемшөптерді сатудың ең маңызды жолдарын белгілеуге;
5.4.  Клиенттердің артықшылықтарын қадағалауға;
5.5.  Құжаттаманың  түрлерін  және  сатудан  табыстарды  талдауды 
түсіндіруге;
5.6.  Кәсіпорынның нарықтағы ахуал бойынша сату саясатына баға 
беруге;
5.7.  Клиенттермен сатулар бойынша кәсіптік пікірталастар жүргізу-
ге;
5.8.  Нақты ферма шаруашылығы үшін маркетингтік ілеспе әзірлеу-
ге;
5.9.  Жемшөптерді бөлу жолдарын белгілеуге;
5.10.  Жемшөп өсімдіктер өсірудің инновациялық салалық технологи-
яларын қолдануды талқылауға;
5.11.  Сатудан  түсімдер  туралы  кәсіптік  құжаттамамен  қамтамасыз 
етуге.
5.12.  Жаңа өнімдерді сату бойынша ұсыныстар даярлауға тиіс  
КМ 04 Қазіргі заманауи салалық технологияларды пайдалану  
КМ 04.1 Жылыжай өндірісі   
КМ 04.2 Экологиялық ауыл шаруашылығы, 
КМ 04.3 Энергетикалық дақылдар, 
КМ 04.4 Жемшөп шаруашылығы, орман шаруашылығы
Мақсаты 
Ауыл шаруашылықта қазіргі заманғы салалық технологияларды пайдалану 
туралы кешендік білімдер алу.
Модульге енгізу
Білім алушылар іс-шараларды және өңірдің ауыл шаруашылығында қолда-
нылатын қазіргі заманғы салалық технологияларды тікелей модульде зерде-
лейді және бағалайды.
Осы  модуль  жазатайым  оқиғаларды  болдырмау  бойынша  еңбекті  қорғау 
және  қауіпсіздік  техникасы  ережесін  сақтап,  Қазақстанның  «жасыл»  энер-
гетикасының  дамуына,  тапшылап  суару  технологияларын  қолданы,  жеміс-
көкөніс дақылдарын күтіп-баптауға, энергетикалық дақылдарды өсіруге және 
пайдалануға, топырақты өңдеуге, өсімдіктерді азықтандыруға және қорғауға 
қатысты тақырыптарды қамтиды.   
Кәсіпорынды  табысты  дамыту  үшін,  инновациялық  технологиялардың 
маңызын  және  өндірістік  процестердің  тиімділігіне  және  олардың  кәсіпо-
рынның  экономикасы  және  оны  ұйымдастыру,  орындалған  жұмыстар  мен 
көрсетілген қызметтерді есепке алу, қызмет нәтижелерін бақылау, сондай-ақ 
өндірістік жоспарлау сияқты салаларында өзара байланысына әсерін ұғыну 
маңызды.    
Модульдің мазмұнына негізгі кәсіпорынның қаражатын пайдалану бойын-

78
ша жасалған сметалар табысқа не шығынға жету үшін шеуші болып табыла-
ды деп ұғынуға мүмкіндік беретін калькуляциялық есептер енгізілді. Бухгал-
терлік  есеп,  операциялық  есептер,  кірістілік  есебі  базалық  білімдер  береді 
және өндірістік деректерді есепке алуды және бағалауды орындау үшін, сон-
дай-ақ ауылшаруашылық кәсіпорындарында операцияларды есепке алу үшін 
машықтарын қалыптастырады. Деректерді электрондық өңдеуді қолданумен 
есептеу үшін, жемшөп өсімдіктерді өсіру қызметінің саласынан алынған, бел-
гілі мысалдар пайдаланылады.
Осы модуль білім алушыларға өндірістік оқытуда және кәсіптік практикада 
машықтарын, дағдылары мен кәсіптік құзыреттерін қалыптастыру жолымен 
алынған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.  
Оқыту нәтижелері: 
ОН1 Ауылшаруашылық дақылдарды жабық топырақта өсіру технология-
сын білу;
ОН2  Экологиялық  ауыл  шаруашылықтың  негіздерін  білу,  өсімдік  шару-
ашылықта  экологиялық талаптарды сақтау;
ОН3 Қазақстанда энергетикалық дақылдарды өсірудің және пайдаланудың 
келешегін ұғыну;
ОН4 Жемшөп дақылдарының жалпы сыныптамасын, олардың сипаттама-
ларын, жемшөптердің химиялық және биологиялық құрамын білу; 
ОН5 Әртүрлі маңыздағы орман көшеттерін орналастыру, салу және оларға 
күтім жүргізу технологиясын игеру
Модульдің мазмұны    
1.  Ауылшаруашылық дақылдарды жабық топырақта өсіру техноло-
гиясын білу  
Жылыжай  өндірісі,  негізгі  беталысы.  Жылыжайлардың  түрлері  мен  тип-
тері.  Жылыжайлардың  техникалық  белгілері  бойынша,  өсіру  технологиясы 
бойынша,  конструктивтік ерекшеліктері бойынша, құрылыс белгілері бой-
ынша,  қоршау  түрлері  бойынша  жіктеу.  Учаскені  даярлау.  Жылыжай  салу 
технологиясы мен кезеңдері. Жылыжайларды желден қорғау. Жылыжай жаб-
дықтары. Жылыжайға арналған материалдар,  олардың басымдықтары мен 
кемшіліктері. Жылыжайларды жылыту түрлері. Жылыжай эффектісі: себеп-
тері  мен  салдары,  проблеманы  шешудің  қазіргі  заманғы  тәсілдері.    Жылы-
жайдың желдеткіш жүйесі. Жылыжайдағы жасанды жарықтандыру. Топырақ 
және оны жылыжай үшін дайындау. Өсімдіктерді көлеңкілеу. Суару жүйесі. 
Жылыжай шаруашылығы тиімділігінің факторлары.  
Көкөністерді  гидропондық  жылыжайларда  өсіру.  Құнарлы  ерітіндіні, 
тапшылап  суаруды  беру  тәсілдері.  Ирригациялық  жүйелері.  Гидропондық 
жылыжайларда  микроклимат  пен  фотосинтезді  реттеу.  Көкөністерді  өсіру 
технологиясы:  қиярлардың,  қызанақтардың,  бұрыштардың,  баялдылардың 
және  басқалардың  екпе  көшеттері.  Өсімідіктері  қорғалған  топырақта  зиян-
кестерден және аурулардан қорғау. Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері 
және олармен күресу шаралары. Көкөністерді гидропондық жылыжайларда 
өсірудің ерекшеліктері, басымдықтары мен экономикалық тиімділігі. Жылы-
жай шаруашылығын автоматтандырылған түрде басқару жүйесі.

79
2. 
Экологиялық  ауыл  шаруашылықтың  негіздерін  білу,  өсімдік 
шаруашылықта  экологиялық талаптарды сақтау   
Органикалық, экологиялық және биологиялық ауыл шаруашылықтың ұғы-
мы. Аграрлық экожүйе: биологиялық әртүрлілігі, биологиялық циклдар мен 
топырақтың  биологиялық белсенділігі. Органикалық стандарттар: экологи-
ялық өндірістің халықаралық жеке, негізгі қолданыстағы Стандарттары, жеке 
Стандарттар. Экоөнімдерді сертификациялау. Қазақстанда органикалық ауыл 
шаруашылықты дамытудың келешектері.   
Алиментариус Кодексі Комиссиясының Стандарттары – тамақ азық-түлік-
теріне халықаралық қауымдастықпен қабылданған стандарттардың жиыны. 
Развитие  Қазақстанда  органикалық  ауыл  шаруашылықты  дамыту.  «Орга-
никалық өнімді өндіру туралы» заңның жобасы. Экологиялық және өңірлік 
өнімнің  маркетингі.    Қазақстандық  өнімнің  салыстырмалы  басымдықтары. 
Экологиялық тұрғыда таза ауылшаруашылық өнімнің нарығын дамыту.
3. 
Қазақстанда энергетикалық дақылдарды өсірудің және пайда-
ланудың келешегін ұғыну 
Энергетикалық  дақылдардың  ұғымы.  Энергетикалық  дақылдардың  түр-
лері: жүгері, қант қызылшасы. Энергетикалық дақылдарды өсіру ерекшелік-
тері: тал, терек, мискантус. Энергетикалық дақылдардың отындық сипатта-
малары. Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы.  Басты 
бағыттары: жаңғырамалы энергия көздерін енгізу; ауыл шаруашылықта орга-
никалық егіншілік, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су ресурстарды 
басқару жүйесін жетілдіру, «таза» көлікті дамыту, экожүйелерді сақтау және 
тиімді басқару. «Жасыл» экономиканың басымдықтары.
Жаңартылатын отын-энергетикалық ресурстары. Энергияның жаңғырама-
лы көзінің түрі. Энергия көзі ретінде биосалмақ. Биогаз – құрамы мен сапасы, 
алуға арналған  шикізат. Ферма шаруашылығында пайдалы биогазды есептеу. 
Пайдаланудағы экологиялық аспект. Биогаздың өндірісі. Биогаз қондырғыла-
ры. Қолдану. Пайдаланудан экономикалық тиімділігін есептеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет